Жазғы мектепті ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар » №22 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-54
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Жазғы мектепті ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар
26
май
2021

Жазғы мектепті ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар

26.05.2021-ғы № 240 шығыс хаты

2020-2021 оқу жылында жазғы мектепті ұйымдастыру 

жөніндегі әдістемелік ұсынымдар


Жазғы мектепте оқыту: 

– барлық білім алушылардың қалауы бойынша;

– оқу жылы бойы қашықтықтан/аралас форматта оқыған 6, 7, 8, 10-сыныптардың білім алушылары; 

– оқу жылы бойы қашықтықтан оқыған 1-5-сыныптардың білім алушылары; 

– 9-сынып бітірушілерінің қалауы бойынша.

Жазғы мектептегі сабақтар қашықтан білім алған білім алушылар үшін ерекше маңызды.

- Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармалары барлық орта білім беру ұйымдарында жазғы мектепті сапалы ұйымдастыру туралы бұйрық шығарады.

6Орта білім беру ұйымдарында жазғы мектептің сабақ кестесі мен жұмыс жоспары бекітіледі.

- Жазғы мектептердің топтары/сыныптары оқу жылы ішінде педагогтер анықтаған білім алушылардың оқу жетістіктерін талдау және пәндік білім деңгейін диагностикалау нәтижелері негізінде қалыптастырылады.

Қажет болған жағдайда білім алушылар үшін кесте бойынша жеке консультациялар ұйымдастырылады.

- Жазғы мектеп білім алушыларының оқу жетістіктері бағаланбайды.

-Жазғы мектеп жағдайында үй тапсырмасы берілмейді.

- Жазғы мектепте мектеп кітапханасына, цифрлық білім беру ресурстарына қолжетімділік қамтамасыз етіледі.

- Сабақ өткізу кезінде педагог:

– балалардың эмоционалдық көңіл-күйіне назар аударуы және оқуға қолдау көрсетуі;

– сабақта білім алушылардың шамадан тыс жүктемесіне жол бермеуі;

– қажет болған жағдайда, физикалық жаттығулар жасау.

- Білім алушылардың сабаққа еркін формада қатысуына жол беріледі.

- Топтардағы/ сыныптардағы толымдылық – 25 адамнан аспауы тиіс. Топтармен сабақтар өткізуге рұқсат етіледі. 

- Оқу пәндері бойынша сабақтың ұзақтығы – 40 минут, күніне 3-4 сабақ.

- Оқу жылында болмаған жазғы демалыс алдында мектептің офлайн атмосферасын ұсыну өте маңызды.

- Негізгі пәндер бойынша сабақтар оқу жылының ең маңызды тақырыптарын қамтиды.

- Кестеге балалардың оқу әдетін қалыптастыратын күнделікті 20-30 минуттық кітап оқуды қосу ұсынылады. 

- Дене шынықтыру мұғалімдері жаттығулар, қозғалмалы ойын спорт түрлері: волейбол, футбол, баскетбол және т.б. бойынша сабақтар ұйымдастырады.

- Педагог-психологтер психологиялық тренингтер ұйымдастырады, сынып жетекшілері, тәрбиешілер түрлі дамытушы тақырыптар бойынша тренингтер өткізеді.

- Сыныптан тыс жұмыстарды жандандыру, мұғалімнің жетекшілігімен шығармашылық, тиімді, функционалды идеяларды жүзеге асыру үшін балаларды (міндетті түрде бір сыныптан емес, жалпы қызығушылықтарына қарай) жобалық жұмысқа тарту ұсынылады.

- Күннің соңында қызығушылықтар бойынша ойындар, фильмдерді бірлесіп қарау, жобаларды талқылау және т.б. өткізіледі.

- Жазғы мектепте сабақтарды ұйымдастыру кезінде төмендегі шараларды сақтау қажет:

– санитариялық-эпидемиологиялық режимді (оның ішінде бетперде кию) және жеке гигиена ережелерін қатаң сақтауды қамтамасыз ету;


Білім беру процесіне қатысушылардың функциялары?

Орта білім беру ұйымының басшысы:

 мектеп түрін (лицей, гимназия, жалпы білім беретін мектеп) ескере отырып, бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес жазғы мектептің қызметін үйлестіреді;

 жазғы мектептің тыныс-тіршілігін және жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қызметкерлердің еңбек функцияларын бөледі;

 оқу процесін ұйымдастыру және санитарлық норма ережелерін сақтау бойынша әкімшілік және педагогикалық құраммен және басқа да қызметкерлермен нұсқаулық жүргізеді;

 жазғы мектептің жұмысын бақылайды. 


Орта білім беру ұйымы басшысының орынбасары:

 барлық тілек білдірген білім алушылардың ата-аналарынан/заңды өкілдерінен өтініштер қабылдайды;

 оқу жетістіктерін бағалауды талдау және білім алушылардың пәндік білім деңгейін диагностикалау нәтижесі бойынша білім алушылардың сараланған топтарын құрады;

 оқу пәндері бойынша, оның ішінде үлгерімі төмен білім алушыларға білімдеріндегі олқылықтардың орнын толтыру үшін құрылған топтарды немесе сыныптарды ескере отырып, сабақ кестесін жасайды;

 педагогтердің әдістемелік бірлестіктерінде пәндер бойынша ең күрделі тақырыптарды таңдау мен санын талқылауды ұйымдастырады;

 педагогтер, психологтар, оның ішінде волонтер студенттер үшін консультациялар ұйымдастырады;

– бекітілген жұмыс жоспары мен сабақ кестесіне сәйкес педагогтердің қызметін ұйымдастырады;

– білім алушылардың оқу жетістіктеріне мониторинг жүргізеді және педагогтердің жұмысына ағымдағы бақылауды жүзеге асырады; 

- білім беру ұйымының педагогикалық кеңесінде қарау үшін жазғы мектеп жұмысының нәтижелері бойынша салыстырмалы талдамалық анықтама дайындайды.

 Педагогтер:

– жыл бойы оқу жетістіктерінің нәтижелеріне талдау жүргізеді, білім алушылардың пәндік білім деңгейіне диагностика жүргізеді және қорытындысы бойынша білім алушылардың сараланған топтарын/ сыныптарын қалыптастырады;

– білім алушылардың және олардың ата-аналарының/заңды өкілдерінің назарына баланың оқу жетістіктерінің деңгейі туралы ақпаратты және білімдегі олқылықтарды жою бойынша жазғы мектептің жұмыс жоспарын жеткізеді;

– білімдегі олқылықтарды ескере отырып, оқу процесін бекітілген кестеге сәйкес жүзеге асырады;

– құпиялылық режимінен шыққан PISA оқу тапсырмаларын және оқытудың тиімді әдістері мен тәсілдерін (оқу материалын бекіту үшін) пайдалана отырып, бекітілген жоспар мен кестені ескеріп, оқу процесін іске асырады;

– жазғы мектепте сабаққа қатысу есебін өз бетінше жүргізеді;

–  білім алушылар үшін жеке консультациялар өткізеді;

– білім алушылардың оқу жетістіктері бойынша өз пәні бойынша жазғы мектепті аяқтау қорытындылары бойынша салыстырмалы талдау жүргізеді, ол келесі оқу жылында оқу процесін құру үшін негіз болады.


Мектеп психологтері:

– білім алушыларды психологиялық қолдауды қамтамасыз етеді;

– білім алушылар мен олардың ата-аналары/заңды өкілдері үшін консультациялар өткізеді;

– психологиялық тренингтер өткізеді.

 Медицина қызметкерлері:

– жазғы мектеп жағдайында санитариялық-эпидемиологиялық режимнің қатаң сақталуын қамтамасыз етеді;

– күн сайын білім беру процесіне қатысушылардың температурасын өлшейді;

– желдетуді бақылайды және бөлмелерді кварцтайды;

– оқушылардың жеке гигиенаны сақтауын бақылайды;

– күн сайын температураны өлшеу, ауру белгілерін анықтау, ауырғандар анықталған жағдайда оқшаулау, білім алушылардың жағдайын бақылау үшін медициналық кабинеттің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

– жазғы мектептегі тамақтану сапасын және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар талаптарының сақталуын бақылайды;

– қажет болған жағдайда жазғы мектеп жағдайында дәрігерге дейінгі алғашқы көмекті көрсетеді.

Ата-аналар/заңды өкілдер:

Баланың жазғы мектептегі сабақтарына қатысуын қамтамасыз етеді.

  • баланы жазғы мектепте оқу үшін барлық қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз етеді.