Біз туралы » №22 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-54
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Баланың мектепте оқуға психологиялық даярлық мәселелері» т
17
сентябрь
2024
«Баланың мектепте оқуға психологиялық даярлық мәселелері» т
17 қыркүйек күні 1-сынып ата-аналарына жиналыс өтті. Жиналыс барысында мектеп психологі Туйебаева Гүлнұр Үркімбайқызы «Баланың мектепте оқуға психологиялық даярлық мәселелері» тақырыбында бірінші сынып оқушыларының психологиялық даму ерекшеліктері мен психологиялық өзгерістері  туралы кеңес берді. Тренинг жаттығулар жүргізді.
"Жалпы ата-аналар жиналысы"
06
сентябрь
2024
"Жалпы ата-аналар жиналысы"
Ағымдағы жаңа оқу жылының 6 қыркүйегі күні мектебімізде мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Күн тәртібі: 1.2023-2024 оқу жылының жетістіктерінің қорытындысы 2.Мектептің ішкі тәртіп ережесі,формасы 3.2024-2025 оқу жылындағы ыстық тамақты ұйымдастыру 4.Мектептегі стигматизация мен буллингтің алдын алу 5.Жол қауіпсіздігінің алдын алу 6.Тұмаудың алдын-алу.Екпенің маңыздылығы. 7.Әр түрлі мәселелер  Жиналыс барысында сұрақтар қойылып кері байланыс берілді.
"Пәндік олимпиада – балалардың санасында "
05
сентябрь
2024
"Пәндік олимпиада – балалардың санасында "
2024 жылдың 5 қыркүйегінде директордың әдістеме ісі жөніндегі орынбасары Айгерім Рашитқызы мектебіміздің 9-11сыныптарында сабақ беретін педагогтеріне  ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың нұсқаулығымен таныстыру , тіркелу жолдары бойынша  түсіндірме жұмысын жүргізді.  Мұндағы мақсат – еліміздің шалғай елді мекендеріндегі дарынды және талантты балалардың қабілеттерін анықтап, дамыту, халықаралық олимпиадаларға қатысуға ынталандыру.
"Тұрар Рысқұлов - тарихи тұлға"
05
сентябрь
2024
"Тұрар Рысқұлов - тарихи тұлға"
Мектебімізде 2024 жылдың   5 қыркүйегінде  мемлекеттік тілді дамытуды қолдау аясында 10-11 сынып оқушылары "Тұрар Рысқұлов - тарихи тұлға" тақырыбында диктант жазды. Шараға 55 оқушы қамтылды.
№1 педагогикалық кеңес отырысы өткізілді.
29
август
2024
№1 педагогикалық кеңес отырысы өткізілді.
Мектеп директоры Е.Мусановтың төрағалығымен 29 тамыз күні  "2024-2025 оқу жылының басталуы туралы" №1 педагогикалық кеңес отырысы өткізілді.
Педагогтерді үздіксіз кәсіби дамыту мақсатында 29 тамыз 2024 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығымен бекітілген
29
август
2024
Педагогтерді үздіксіз кәсіби дамыту мақсатында 29 тамыз 2024 жылы
Педагогтерді үздіксіз кәсіби дамыту мақсатында 29 тамыз 2024 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығымен бекітілген Педагогтерді аттестаттауды өткізу қағидалары мен шарттарына өзгерістер енгізілді және ҚР Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 2 сәуірдегі № 72 бұйрығы негізге ала отырып аттестаттау комиссиясы  құжаттарды қарап, педагогтерді аттестаттау нәтижелері бойынша қорытынды шешім қабылданды және Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан
"Күнделік"
26
август
2024
"Күнделік"
2024-2025 оқу жылында "Күнделік" электронды порталын пайдаланбайды. Оның орнына "Bilim class" платформасы іске қосылады. Аталмыш платформа арқылы мұғалімдер мен оқушылар қажетті электронды видео-сабақтарды пайдалануға мүмкіндік алатындығы туралы, ұстаздар қашықтықтан оқу, сертификатты алу туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ, ата-аналарға да ыңғайлы болмақ. Әр баласы үшін жеке кіріп, қадағалау жүргізбей, бір ғана логин және құпия сөз қолданады.
"Үміт, сенім бізді алға жетелейді"
21
май
2024
"Үміт, сенім бізді алға жетелейді"
Мамырдың 21 күні мектеп психологы Н.Кангабылова 11 сынып оқушыларының эмоционалдық жағдайын тұрақтандыру, позитивті ойлауға бағыттау, мотивация беру мақсатында "Үміт, сенім бізді алға жетелейді" тақырыбында психологиялық тренинг-жаттығулар жүргізді. ҰБТ қатысты, емтихан қарсаңында психологиялық кеңестер беріліп, арттерапиялық жаттығулар өткізді.
“Іс-әрекеттегі зерттеу»
17
май
2024
“Іс-әрекеттегі зерттеу»
17 мамыр “Іс-әрекеттегі зерттеу» жобасы бойынша  2023-2024 оқу жылындағы жұмыстардың SWOT талдауы ұйымдастырылды. Бірлестік жетекшілері өз пәндерінде қолданылған әдіс-тәсілдің білім сапасын арттыруға қаншалықты үлес қосқаны туралы және келесі оқу жылына ұсыныстар берді. Ұжым мүшелері бақыланған сабақтар негізінде  “3қ” әдісі( қызықты,құнды,қиын) арқылы кері байланыс берді.
«Жетісу ұстазы-2024»
14
май
2024
«Жетісу ұстазы-2024»
«Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі»  ММ-і мен қалалық  әдістемелік орталығы «Жетісу ұстазы-2024» байқауында мектебімізден сарапшы-педагог Өскембаев Ерасыл Серікбайұлы бақ сынап  "БАС ЖҮЛДЕ" иеленді. Құттықтаймыз! Білім салтанат құрған нарықтық кезеңде білім берудегі бұлжымайтын міндетіңіздің шыңынан көрініңіз!
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 36 Вперед