Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жарлығымен 2022 жыл "Балалар жылы" деп жарияланды. Президентіміз өз жолдауында: "Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық - бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз" - деп жолдауда атап өткендей, биылғы балалар жылында мектебімізде Өтенай ауылдық округі әкімі Әбішев Жаннұр Мұратұлы және Талдықорған газетінің бас редакторы ақын, жазушы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Кәлімхан Айдынұлымен кездесу ұйымдастырылды.