PISA-2022 халықаралық зерттеу » №22 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-54
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » PISA-2022 халықаралық зерттеу
14
февраль
2022

PISA-2022 халықаралық зерттеу

Халықаралық білім беру кеңістігінің даму тенденциясының бірі оқушылардың білім нәтижелерін бағалық зерттеуді ұйымдастыру болып табылады. Қазіргі кезде халықаралық мәртебеге ие көптеген бағалық зерттеулер бар. Олардың мақсаттары әртүрлі және осыған қарай ұйымдастыру әдістемесі, зерттеу ауқымы, тексеру құралдары және т. б. ерекшеленеді.
Бүгінгі таңда Қазақстандық білім беру жүйесінің алдында білім сапасының бәсекелестігін арттыру, шынайы өмірлік кезеңдерге бейімдендіру мәселелері тұр, өйткені адам қоғамда түрлі өмірлік мәселелерге байланысты дұрыс шешімдер қабылдау үшін жоғары кәсіптілік пен интеллектуалдық әрекеттерді қажет ететін жағдайларда заман талабына сай өмір сүріп, қызмет етуде.
Осыған байланысты еліміздің он бес жастағы оқушылары білім жетістіктерінің деңгейін анықтау үшін PISA-2022 халықаралық зерттеуіне қатысады. Зерттеу барлық білім беру ұйымдарындағы 15 жастағы оқушылардың математикалық, оқу және жаратылыстану сауаттылықтарын бағалайтын негізгі бағыттары болып қала береді. Осы орайда, PISA халықаралық зерттеу жұмыстарына дайындық барысында 9-11 ақпан аралығында қалалық білім бөлімі тарапынан оқушылардан сынама тест алынды.