21
январь
2022
PISA халықаралық зерттеуі тапсырмаларын орындату арқылы оқушылардың ойлау көкжиегін кеңейту" тақырыбында коучинг өткізді
Мектептің оқу-әдістеме жоспарына сәйкес директордың әдістеме ісі жөніндегі орынбасары Г.Нүсіпова мен математика пәнінің мұғалімі А.Кульжабекова негізгі пән мұғалімдерімен "PISA халықаралық зерттеуі тапсырмаларын орындату арқылы оқушылардың ойлау көкжиегін кеңейту" тақырыбында коучинг өткізді. Коучингтің мақсаты: әлемнің қарқынды өзгеруі жағдайында мұғалімдерге қойылатын жаңа талаптар жөніндегі түсінігін қалыптастыру; мұғалімдердің нәтижелі іс-әрекеттері негізінде оқушылардың оқуға қызығушылығын арттыру және алған білімдерін өмірде қолдана алуына бағыттау.