"ҰБТ"
Мектебімізде, ағымдағы жылдың 08-қарашасында ҰБТ-ге дайындық барысы бойынша мектеп директоры Е.Ж.Мусанов пен оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Қ.Шаекенова пән мұғалімдерімен отырыс өткізді.
Ұлттық бірыңғай тестілеу – жоғары оқу орындарына түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір түрі.
ҰБТ –дің жаңа форматы бойынша 140 сұрақ 5 пән бойынша, оның 3-уі міндетті және талапкердің жоғарғы оқу орнына тапсыратын мамандығына байланысты 2-уі бейіні бойынша қарастырылған.
Осы орайда, әрбір пән мұғалімдерінің жүргізіліп жатқан жеке-жеке жұмыстарының
нәтижелерін талдап ,сараптама жасалды. Пән мұғалімдерінің алған тестері мен әкімшілік тарапынан жоспар бойынша алынған «Tesster.kz» платформасы мен «USTUDY» тест орталығынан алынған тестермен салыстырмалы қарастырылып талдау жасалды. Кері байланыстар беріліп , ойларын ортаға салып қалай нәтижені жақсартамыз деп ойларымен бөлісті.