Жазғы мектепте оқыту жоспары
Білім сапасын арттыру және пандемия, шектеу шаралары кезеңінде жіберілген білімдегі олқылықтардың орны толтыру мақсатында 1-8, 10-сыныптарда білім алушылар үшін 26 мамырдан бастап
17 маусым аралығында Жазғы мектепте оқыту жоспары
2021-2022 оқу жылы
Әдістемелік ұсынымдар:
- Әдістемелік бірлестіктерде пәндер бойынша ең күрделі тақырыптарды таңдау және олардың санын талқылау
- Оқытудың оңтайлы әдістері мен тәсілдерін таңдау (оқу материалын бекіту үшін)
- Бірлескен қысқа мерзімді сабақ жоспарларын құру
- Білім алушыларға арналған жеке консультациялар
- Негізгі пәндер бойынша, оның ішінде педагогикалық жоғары оқу орындарының,колледждердің студенттерін тарта отырып, консультациялар
- Құпиялылық режимінен шыққан PISA тапсырмаларын сабақтарда белсенді қолдану
- Оқу сауаттылығы дағдыларын дамыту («Оқитын мектеп»)
- Электрондық ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту
- Шаблондық алгоритмдерді қолданудың орнына ерекше практикалық-бағдарланған тәсілдерді іздей отырып, математикадағы күрделі есептерді шешу әдістерін қолдану
- Мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым)
Практикалық тапсырмаларды орындау
1.Ұйымдастыру жұмысы
№ | Іс- шараның тақырыбы | Іс-шараның түрі | Мерзімі | Өткізілетін орны | Жауапты |
1 | Мектептегі әдістемелік бірлестіктердің қызметін үйлестіру, жазғы мектеп жұмыс жоспарын құру және бекіту. | Кәсіби әңгіме, бірлесе жоспар жасақтау. Хаттама | мамыр | Білім беру мекемесі | Р.Ақшолақова Ж.Шаекенова Г.Нүсіпова |
2 | Ата-аналардың өтініші бойынша 1-4, 5-6-7-8-10-сыныптарда оқушылар мен сынып-жиынтықтардың тізімі нақтылау. | Өтініш алу | мамыр | Білім беру мекемесі | Сынып жетекшілер |
3 | Әдістемелік бірлестік отырысында оқу пәндерінің тізімін нақтылап, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар құру. Сабақ кестесін жасап, уақытша сынып журналдарын арнау. | Әдістемелік отырыс | мамыр | Білім беру мекемесі | Ж.Шаекенова Г.Нүсіпова Бірлестік жетекшілері Пән мұғалімдері |
4 | Ата-аналармен кездесу және олармен келісе отырып, жазғы мектеп жұмысын ұйымдастыру; - оқу үлгеріміндегі әлсіз тұстарын жою бойынша жазғы мектеп жұмысын ұйымдастыру; | Сұхбат | мамыр | Білім беру мекемесі | Мектеп әкімшілігі |
2. Оқу мазмұны
№ | Іс- шараның тақырыбы | Іс-шараның түрі | Мерзімі | Өткізілетін орны | Жауапты |
1 | - Оқушылардың оқу үлгеріміндегі әлсіз тұстарын ескере отырып, күнтізбелік-тақырыптық жоспарларды бөлімдер/бөлімшелер/тақырыптар бойынша қайта қарау; - оқытудың қол жеткізілмеген мақсаттарын ескере отырып, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар құру; - оқу пәндері бойынша цифрлық ресурстар әзірлеу; | Бірлесе жоспар жасақтау. Ресурс; | мамыр | Білім беру мекемесі | Мектеп әкімшілігі Бірлестік жетекшілері Пән мұғалімдері |
3. Оқыту әдістемесі
№ | Іс- шараның тақырыбы | Іс-шараның түрі | Мерзімі | Өткізілетін орны | Жауапты |
1 | - қосымша сабақтар аясында оқытудың саралау әдістерін іске асыру; - білім алушыларды жобалық және зерттеу жұмыстарына тарту; - оқу материалын күрделі және бекітуді талап ететін оқу мақсаттары бойынша бөле отырып, модульдік оқытуды пайдалану; - оқытудың тиімді әдістерін қолдану | Саралау; Зерттеу; Тақырыптық талқылау; Іскерлік ойын; | үнемі | Білім беру мекемесі | Ж.Шаекенова Г.Нүсіпова Пән мұғалімдері |
4. Педагогтердің жұмысы
№ | Іс- шараның тақырыбы | Іс-шараның түрі | Мерзімі | Өткізілетін орны | Жауапты |
1 | - педагогикалық колледждер мен жоғары оқу орындарының студент-тәлімгерлері, үлгерімі жақсы жоғары сынып оқушылары қатарынан жұмысын ұйымдастыру; - оқушылармен, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылармен жеке жұмысты ұйымдастыру; | Жеке жұмыс | үнемі | Білім беру мекемесі | Психолог |
2 | - психологтің, әлеуметтік педагогтің, сынып жетекшісінің, үлгерімі төмен білім алушыларды қолдау бойынша жұмысын ұйымдастыру; | Сұхбат; Бас қосу; | үнемі | Білім беру мекемесі | Н.Кангабылова Г.Қоңырбаева |
5. Оқушылардың ата-аналарымен жұмысты ұйымдастыру
№ | Іс- шараның тақырыбы | Іс-шараның түрі | Мерзімі | Өткізілетін орны | Жауапты |
1 | - Ата-аналарды үлгерім мониторингінің нәтижелері туралы хабардар ету; -Ата-аналарымен жеке әңгімелесу, консультациялар өткізу және ата-ана құзыреттіліктерін арттыру бойынша тренингтер өткізу; | Сұхбат; Әңгімелесу; Консультациялар; Тренинг | үнемі | Білім беру мекемесі | Мектеп әкімшілгі Сынып жетекшілер Психолог |
- шешім қабылдау, мектепішілік бақылау мәселелерінде қамқоршылық кеңестердің рөлін арттыру. | Кеңес; | мамыр | Білім беру мекемесі | Мектеп әкімшілігі Әлеуметтік педагог |
6 Педагогтерді даярлау
№ | Іс- шараның тақырыбы | Іс-шараның түрі | Мерзімі | Өткізілетін орны | Жауапты |
1 | - үлгерімі төмен оқушылармен, оның ішінде ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс бойынша онлайн оқыту тренингтер, вебинарлар өткізу; - педагогтерді курстан кейінгі қолдау: мектептерде қашықтан оқыту бойынша вебинарлар, шеберлік сағаттары, тренингтер; - педагогтер, ата-аналар мен оқушылар үшін еркін қолжетімді вебинарлар ұйымдастыру; | Тренинг; Вебинар; Шебер сағаттар; | үнемі | Білім беру мекемесі | Г.Нүсіпова Психолог |
Директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Ж.Шаекенова