1 сынып оқушыларының мектепке бейімделу кезеңін бақылау қорытындысы
АНЫҚТАМАСЫ
Мектепке келу- әр баланың өміріндегі өтпелі кезең. Оқудың басталуы оның күнделікті тіршілігіне өзгеріс енгізеді. Мектепке дейінгі оқушыларға тән балалық, бейқамдық, ойынға берілу көптеген талаптар міндеттер және шектеулері бар өмірмен алмасады: енді бала әр күні мектепке баруы керек, жүйелі еңбек етуі, күн тәртібін орындауы, мектеп өмірінің ережелеріне бағынуы керек, мұғалімнің талаптарын орындау, сабақта мектеп бағдарламасы бекіткенмен шұғылдану, үй тапсырмаларын тиянақты орындау, оқу жұмысында жақсы нәтижелерге қол жеткізу, т.б.
Осы 6-7 жас кезеңінде баланың психологиялық келбеті де жаңарады, жеке адамдық, танымдық және ақыл-ой мүмкіндіктері, көңіл-күй, қарым қатынас ортасы өзгереді. Бала өзінің жаңа жағдайын міндетті түрде сезініп, үлкен болғанына мақтанады, оған жаңа жағдайы ұнайды. Осы кезде ата-ана баланың сәтсіздіктеріне шыдамдылық, талпыныстарына қолдау көрсетуі қажет.
Сонда да, мектептегі оқудың басталуы әр бала үшін өте күшті стресс. 1-сынып оқушыларының мектепте болған бірінші аптасында ағзаның қарсы тұруы төмендейді, түс көру, тәбет бұзылады, температура көтерілуі мүмкін. Мектепке бейімделу кезеңі кейбіреулерінде бір ай, басқаларында бір тоқсан, үшіншілерінде бір оқу жылына созылуы мүмкін. Мұнда көп нәрсе баланың жеке адамдық ерекшеліктеріне байланысты.
Осындай жағдайларды ескере отырып, 1-сынып оқушыларының психологиялық даму деңгейлерін, мектепке даярлығын анықтауға арналған зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты: Баланың мектепке дайындығын, танымдық қабілеттерін, яғни есте сақтауын, ойлауын және зейінінің даму барысын айқындау.
Осы мақсатқа жетуде алдымызға төмендегідей міндеттер жүктелді:
- Сыныптармен және олардың сынып жетекшілерімен танысу, сынып туралы толық мәлімет алу.
- Әр баланың жеке тұлғалық қасиеттерін сынып жетекшісімен бірге талқылау және де сынып жетекшісінің пікірімен салыстыру.
- Баланың білімін көтеру мақсатында ата-ана мен сынып жетекшісінің ынтымақтастығын нығайту.
- Зерттеу нәтижесі бойынша төмен деңгейді көрсеткен оқушылармен дамыту жұмыстарын күшейтуді қадағалау және психологиялық ықпал көрстеу.
Зерттеу барысында 1-сынып оқушыларының даму деңгейіне қарай таным үрдістерінің қалыптасуы барысында кездесетін кемшіліктерді түзетіп, қалпына келтіруге арналған психологиялық жаттығулар алынды.
Атап айтқанда, 1а, 1ә сынып оқушыларының мектепке дайындығын тексеру мақсатында қыркүйек, қазан айларында диагностикалық жұмыстар жүргізілді. Диагностика жұмыстары мектепте балаларды жеке тұлғалық оқытуға мүмкіндік береді. Бұл тәсілдің ерекшелігі:
- Баланың психологиялық қорғану сезімін, қуанышты сезіну мен оның дара дамуын қамтамасыз ету;
- Баланың денсаулығына кері әсер ететін факторлардың алдын-алу;
- Баланың мектепке жылдам қалыптасуын қамтамасыз ету,
- Баланың жеке сапалық қасиеттерінің белсенді даму деңгейін анықтау.
Осы ерекшеліктердің орындалуы мақсатында баланың жеке даму деңгейін, оқуға психологиялық дайындығын анықтайтын мынадай әдістемелер алынды:
- Керн-Йерасектің 4 субтестен тұратын баланың мектепке дайындығын бағдарлау тесті;
- Баланың ерік саласының даму деңгейін анықтау. «Графикалық диктант» әдістемесі (Д.Б.Эльконин);
- Логикалық ойлауын зерттеу. «Не артық?» әдістемесі;
- Баланың қабылдау деңгейін анықтау. «Не жетпейді?» әдістемесі;
- Зейіннің ырықтылығын және кеңістікті қабылдауының қалыптасу деңгейін зерттеу. «Үйшік» әдістемесі;
- Оқушының өзін-өзі бағалауын анықтау. «Баспалдақ» әдістемесі;
- Мектеп мотивациясын анықтау үшін М.Р.Гинзбургтың «Оқу түрткісін зерттеу» әдәстемесі.
Осындай жағдайларды ескере отырып, 1-сынып оқушыларының психологиялық даму деңгейлерін анықтауға арналған зерттеу жұмыстары жүргізілді.
1а сыныбы бойынша жүргізілген жұмыстың қорытындысы:
Сыныпта барлығы –21 оқушы, оның қызы – 11, ұл –10. Сынып жетекшісі –С.Хабай. Сыныптағы жағдай бірқалыпты. Яғни зерттеу барысында сыныптағы оқушылардың өзара қарым-қатынасы жақсы.
1ә сыныбы бойынша жүргізілген жұмыстың қорытындысы:
Сыныпта барлығы –24 оқушы, оның қызы – 15, ұл –9. Сынып жетекшісі –Қ. Айтқали. Сыныптағы жағдай бірқалыпты. Яғни зерттеу барысында сыныптағы оқушылардың өзара қарым-қатынасы жақсы.
Керн-Йерасек тест жинағы 3 тапсырмадан тұрады.
1 тапсырмада «Графикалық дағды» бұл тапсырмада оқушының қол маторикасының дұрыс қалыптасуын бақылау мақсатында алынады, 2 тапсырмада «Есеп және назар аудару» баланың зейінінің тұрақтылығын анықтау үшін, нүктелерді санап және ретімен орналастыру тапсырылды, 3 тапсыорам «Бейнені елестету» оқушының сурет салу дағдысын және ойлау қабілетің анықтау мақсатында ер адамның бейнесін салу тапсырылды.
3 тапсырма бойынша жиынтық баға шығарылды. 1А сыныбы бойынша ортадан жоғары 17 оқушы-80%, орта 4 оқушы - 20%; 1Ә сыныбы бойынша ортадан жоғары 19 оқушы-79%, орта 5 оқушы - 21%; Мектептегі дайындық деңгейі төмен балалар анықталған жоқ.
сыныбы | Зерттеуге қатысқан оқушылар саны | Мектепке дайындық деңгейі | ||
Ортадан жоғары | Орта | Төмен | ||
1 «а» | 21 | 17 оқушы - 80% | 4 оқушы - 20% | - |
1 «ә» | 24 | 19 оқушы - 79% | 5 оқушы - 21% | - |
«Графикалық диктант» әдістемесінің нәтижесі (Д.Б.Эльконин).
Кеңістіктегі бағдарларды зерттеуге арналған. Оның көмегімен ересек адамның нұсқауларын мұқият және нақты орындау, берілген сызық бағытын дұрыс жаңғырту және ересек адамның бағыты бойынша өз бетінше әрекет ету қабілеті анықталды. Жалпы сынып оқушыларының кеңістікте бағдарлануы, мұғалімді мұқият, назар қойып тыңдауы, өз бетінше әрекет ете алу қабілеті қалыптасуы орташа деңгейде.
1 а сыныбы бойынша жоғары деңгейді - оқушы –3 оқушы 14%, ортадан жоғары – 5 оқушы – 24%, орташа – 10 - 48%, төменнен жоғары – 3 оқушы - 14% көрсетті; 1 ә сыныбы бойынша ортадан жоғары 10 оқушы 42%, орташа деңгейді – 14 оқушы – 58%, төмен деңгейді көрсеткен жоқ.
деңгейі | Барлық оқушы | жоғары | ортадан жоғары | орташа | төменнен жоғары |
1а сыныбы | 21 | 3 оқушы - 14% | 5 оқушы- 24% | 10 оқушы - 48% | 3 оқушы - 14% |
1ә сыныбы | 24 | - | 10 оқушы 42% | 14 оқушы – 58% | - |
Логикалық ойлау әдістемесі. «Не артық?»
« Не артық?» әдістемесі оқушылардың бейнелік ойлауын, талдау және жалпылау амалдарының орындау үрдісін зерттеу мақсатында алынды, 1а сыныбы бойынша жоғары деңгейді – 7 оқушы - 33%, орта деңгейді – 14 оқушы – 67%, төмен деңгей көрсеткен оқушы анықталмады. Жалпы сыныптағы оқушылардың бейнелік ойлауын, талдау және жалпылау амалдарының орындау үрдісінің деңгейі осы әдістеменің қорытындысына қарап орта деп айтса болады.
1 «Ә» сыныбы жоғары деңгейді – 8 оқушы - 33%, орта деңгейді – 15 оқушы – 63%, төмен деңгей – 1 оқушы - 4 % көрсетті. Жалпы сыныптағы оқушылардың бейнелік ойлауын, талдау және жалпылау амалдарының орындау үрдісінің деңгейі осы әдістеменің қорытындысына қарап орта деңгейде екенін көруге болады.
Қабылдау деңгейін анықтау. «Не жетпейді?» әдістемесі
Оқушының қабылдау ерекшелігін анықтау мақсатында « Не жетпейді ? » әдістемесі алынды, 1А сыныбы бойынша жоғары деңгейді - 3 оқушы – 14%, орта деңгейді – 16 оқушы – 76% көрсетті. Төмен деңгей көрсеткен 2 оқушы– 10% анықталды. Әдістеме нәтиесі бойынша оқушылардың қабылдау ерекшелігі орта деңгейде. 1 «Ә» сыныбы бойынша жоғары деңгейді - 15 оқушы – 62%, орта деңгейді – 9 оқушы – 38% көрсетті. Төмен деңгей көрсеткен оқушы анықталмады. Әдістеме нәтижесі бойынша оқушылардың қабылдау ерекшелігін ортадан жоғары деңгейде.
«Үйшік» әдістемесі
Оқушылар зейінінің ырықтылығын және кеңістікті қабылдауының қалыптасу деңгейін зерттеу мақсатында «Үйшік» әдістемесі алынды. Әдістеменің нәтижесі: 1 «А» сынып жоғары – 5 оқушы – 24%, орта – 14 оқушы – 66%, төмен – 2 оқушы – 10% деңгейді көрсетті. 1 «Ә» сыныбы бойынша: жоғары – 9 оқушы – 38%, орта – 13 оқушы – 54%, төмен – 2 оқушы – 8% деңгейді көрсетті.
«Баспалдақ» әдістемесі
Оқушының өзін-өзі бағалау деңгейін анықтау мақсатында «Баспалдақ» әдістемесі алынды, 1А сыныбы бойынша жоғары деңгейді –8 оқушы - 38%, орта деңгейді – 10 оқушы – 48% көрсетті, төмен 3 оқушы- 14%. 1 «Ә» сыныбы бойынша жоғары деңгейді –11 оқушы - 45%, орта деңгейді – 11 оқушы – 45% көрсетті, төмен 2 оқушы- 10%. Әдістеме нәтижесінде екіс сыныптағы оқушылардың өзін-өзі бағалау деңгейі ортадан жоғары деңгейді көрсетті
Мектеп мотивациясын анықтау.
Мектепке мотивация деңгейін анықтау мақсатында «М.Р.Гинзбургтың оқу түрткісін зерттеу» әдістемесі алынып, 1 «А» сыныбы бойынша жоғары деңгейді -10 оқушы - 48%, орта деңгейді – 9 оқушы – 43%, төмен деңгейді – 2 оқушы - 9% көрсетті. 1а сынып оқушыларының мектепке деген қөзқарастарыны, мотивациясы ортадан жоғары деңгейде. 1 «Ә» сыныбы жоғары деңгейді -13 оқушы - 54%, орта деңгейді – 9 оқушы – 38%, төмен деңгейді – 2 оқушы - 8% көрсетті. Жалпы сыныптағы оқушылардың мектепке деген қөзқарастары, оқуға деген мотивациясы орта деңгейде.
Қорытындылай келе, 1 сынып жетекшілері мен ата-аналар бірлесіп, төмен ұпай алған оқушылармен жекелей жұмыстар жүргізу, тілдерін дамыту, ақыл-ой қабілеттерін одан әрі дамытып, логикалық тапсырмалармен көбірек жұмыс жүргізуді күшейту қажеттігі жайлы психологиялық кеңес берілді. Сонымен қатар, оқушылардың зейінін дамыту үшін көптеген көрнекіліктермен сабақтар өткізу олардың қабылдауын және есте сақтауын арттыру туралы сынып жетекшілермен әңгіме, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Ұсыныс:
- Сынып жетекшісіне оқушыларға мейірімділік көрсетіп, қатандық танытпай, мадақтау мен жазалау әдістерін тиімді ұстанған жөн;
- Зейін үрдісін дамытатын ойын жаттығуларды сабақ үстінде пайдалану;
- Сабақта әр балаға жекелей тапсырмалар беріп, өзіңдік жұмыстарға тарту;
- Сыныптан тыс іс-шараларға белсене қатыстыру, өзіңдік ойын қалыптастыру;
- Сабақ барысында төмен көрсеткіш көрсеткен оқушылармен қосымша тапсырмалар беру арқылы дамыту жұмыстарын жүргізу;
- Оқушылардың кеңістік бағдары туралы түсініктерін дамыту, сабақ үстінде оқушының назарын мұғалімге, тапсырмаға бағытталуын қадағалау, нұсқауды оқушылардың дұрыс қабылдауын қадағалау.
- Сыныпта оқушылармен топтық жаттығуларды, оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыратын ойын – жаттығуларды өткізу.