9 сынып ата-аналарымен өткізілген жиналыстың хаттамасы » №22 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-54
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 9 сынып ата-аналарымен өткізілген жиналыстың хаттамасы
17
март
2022

9 сынып ата-аналарымен өткізілген жиналыстың хаттамасы

«Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар 

№22 орта мектеп»коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 9 сынып ата-аналарымен өткізілген жиналыстың


Хаттамасы 

Барлығы: 24

Қатысқаны : 21                                                       Өткізілген күні: 17.03.2022

Күн тәртібінде:


  1. Ата-аналарды ББЖМ өткізудің нұсқаулықтарымен таныстыру.  

                                                                                             /Ж.Шаекенова/  

  1. Әр түрлі мәселелер. / Сынып жетекші/                                                            

Тыңдалды :

 Ата-аналарды ББЖМ өткізудің нұсқаулықтарымен ДОТІЖО Ж.Шаекенова таныстырды: Білім алушылардың білім жетістігіне мониторинг  жүргізу мақсатымен және ББЖМ-не байланысты нормативтік құжаттармен таныстырды. 9 сыныптарда ББЖМ білім алушылардың білім сапасын бағалау мақсатында, мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарда көзделген, бастауыш  білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру деңгейін айқындау мақсатында өткізіледі.  ББЖМ   білім алушылар білім алып жатқан білім беру ұйымдарының базасында, яғни мектептерде өткізіледі.  ББЖМ 4-сыныпта  кешенді тестілеу нысанында ақпараттық -коммукациялық технологияларды қолдана отырып , оқыту тілінде үш бағыт            (оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, жаратылыстану- ғылыми сауаттылық) бойынша жүргізіледі. Тестілеу тапсырмаларының санын, мазмұны мен нысанын, сондай ақ тестілеуге бөлінетін уақытты МБЖС ға сәйкес тест спецификациясы айқындайды.Тест бастауыш білім беретін оқу бағдарламаларына сәйкес оқу материалдарын қамтиды. Тест спецификациясын « Ұлттық тестілеу орталығы» әзірлейді.

Аптасына 7 пәннен бекітілген кесте бойынша дайындық сабақтары сабақтан тыс уақытта жүргізіледі  және тақырыптық тесттер алынатыны ата-аналарға айтылды.

           Мектепте айына бір рет  көмек көрсету, тестілеу технологиясымен хабардар ету, жауап парақтарын дұрыс толтыру, жалпы оқушыны тестілеуге дайындау мақсатында байқау сынағы алынады.

Тестілеу кезіндегі оқушының тәртіп сақтау ережесімен таныстырылды: 

  • бір орыннан екінші орынға ауысуға;
  • ББЖМ және уәкілетті Министрлік өкілінің рұқсатынсыз тестілеу материалдарын ашуға;
  • тестілеу материалдарын басқа оқушының материалдарымен айырбастауға;
  • калькуляторды, анықтамалық әдебиеттерді, электрондық жазба кітапшаларын, байланыс құралдарын пайдалануға;
  • басқа оқушылармен сөйлесуге және көшіруге, шпаргалка және басқа да анықтамалық материалдарды қолдануға;
  • БСБД және уәкілетті Министрлік өкілінің рұқсатынсыз аудиториядан шығуға. 

Әр түрлі мәселелер   бойынша  сынып жетекшісі сынып тәртібіне ,сабақ үлгеріміне,  тест кезінде   оқушылардың толық қамтылуын қамтамасыз етілуін т.б мәселелер туралы айтылды.


Шешімі:

1.     Оқушылардың  үлгерімі   мен  сабаққа қатысуын   қадағалау ата – аналарға  тапсырылсын.

2.     Алынған сынама жұмыстарының нәтижесі ата-аналарға таныстырылып отырсын.