«Тіл мәдениеті және тілдік норма»
Тілдер онкүндігіне арналған мектепішілік іс-шара жоспарының барысында «Тіл мәдениеті және тілдік норма» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Акбакирова Г.Ө мен мектеп кітапханашысы Искакова А.И ұйымдастыруымен танымдық кездесу өткізілді. Мақсаты:
- Ана тілге деген құрмет пен сүйіспеншілік, сондай-ақ өзге ұлттардың мәдениеті мен дәстүрін танып білу;
- Білім алушылардың бойында отаншылдық, құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дарыту;
- Өзара құрмет пен түсіністікке негізделген мектеп мәдениетін қалыптастыру мақсатында
Шараға, Жетісу облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының басшысы – Жеңіс Хамитұлы Жолдыбаев мырза, Жетісу облысы «Тіл» оқу - әдістемелік орталығы, Тілдерді оқыту,талдау,мониторинг бөлімінің басшысы – Мөлдір Дәулетбекқызы Қуандық, Жетісу облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының мемлекеттік тіл курсының оқытушысы,Ахмет Байтұрсынұлы атындағы республикалық «Үздік оқытушысы» байқауының І орын жүлдегері Жанар Әлмұхаметқызы Елесбаева қонақ ретінде шақырылды. Танымдық кездесу келген қонақтардан қажеті көп мәліметтер алып, оқушылардың рухани дамуына көп әсер етіп, жоғары дәрежеде өтізілген шара болды.