"Пәндік олимпиада – балалардың санасында "
2024 жылдың 5 қыркүйегінде директордың әдістеме ісі жөніндегі орынбасары Айгерім Рашитқызы мектебіміздің 9-11сыныптарында сабақ беретін педагогтеріне ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың нұсқаулығымен таныстыру , тіркелу жолдары бойынша түсіндірме жұмысын жүргізді. Мұндағы мақсат – еліміздің шалғай елді мекендеріндегі дарынды және талантты балалардың қабілеттерін анықтап, дамыту, халықаралық олимпиадаларға қатысуға ынталандыру.