02
март
2023
"Ана өмір шуағы"
“Айжұлдыз” шағын орталығының ересек “Қарлығаш” тобының “Ана өмір шуағы” атты мерекелік ертеңгілігі өтті. Мақсаты: 8 наурыз мерекеге байланысты көңіл күйді сезінуге үйрету; балалардың музыкалық қабілеттерін дамыту;анаға, әжеге сүйіспеншілікті тәрбиелеу.Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы аналарды мерекемен құттықтай отырып, мейірімділікке тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.