01
март
2022
"Алғыс айту - парызым!" атты мерекелік концерт
Мектебімізде "Алғыс айту - парызым!" атты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Елімізде тұрып жатқан әр түрлі ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу, салт — дәстүрін, мәдениетін өзіндік үлгі өнегесін оқушылардың бойына сіңіру. Бейбітшілікте татулықта өмір сүруге тәрбиелеу мақсатында оқушылар әр ұлт өкілі болып өнер көрсетіп, сол тілде қазақ еліне алғыс білдірді.
Сондай-ақ кешімізге оқушылардың жанұяға, ата — анаға, үлкен — кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым — қатынастарын дамыту мақсатында ардагер ұстаздар қонаққа шақырылып, өнегелі әңгімелер айтылып, шәкірттерінің өнерлеріне алғыс айтып, ризашылықтарын білдірді.