01
март
2023
"Ақ мамам" атты ертеңгілік
22 орта мектептің "Айжұлдыз" шағын орталығының "Ақбота" орта тобында " Ақ мамам" атты 8 наурызға байланысты ертеңгілік өтті. Ертеңгіліктің мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы аналарды мерекемен құттықтау, балаларды мейірімділікке тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.