"Оқу-зерттеу қызметі" » №22 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(7282) 40-14-54
Версия для
слабовидящих
25
январь
2023

"Оқу-зерттеу қызметі"

2023 жылдың 25 қаңтарында «Оқыту платформаларын, ресурстарын қолдану арқылы білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға бола ма?» деген зерттеу сұрағын негізге алып Сейсембай Талғат Тұрарбекұлы 5 «Ә» сыныбында қазақ тілі пәнінен «Бала қиялы Зат есімнің сөйлемдегі қызметі» тақырыбында зерттеу сабағын өткізді. 
    Мұғалім сабақ мақсатына орай тапсырмаларды таңдап алып, жүзеге асыруда интернет платформаларын тиімді қолданды. «Менің атым Қожа» фильмінен бала қиялы туралы  көрсетілім балаларға жақсы әсерін тигізді. Оқушылар кездейсоқ генератор арқылы топтарға бөлініп «Менің атым Қожа» фильмі туралы, авторы мен кейіпкерлер тағдыры туралы берілген ақпарат көздерінен (энциклопедия, ғаламтор) ақпарат беру тапсырмасын құлшыныспен қызыға орындады. Сонымен қатар, білім алушылар «LearningApps» платформасы арқылы тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелер, зат есімнің сөйлемдегі қызметі туралы тапсырмаларды орындап   грамматикалық білімдерін толықтырды.Интернет ресурстарын, оқытудың әртүрлі платформаларын талғап қолдану білім алушылардың сабаққа қызығушылығын арттыруға болатындығын көрсетті.















Похожие публикации: