18
январь
2023
"Оқу-зерттеу қызметі"
2023 жылдың 18 қаңтарында Lesson Study/ Зерттеу сабағы. Зерттеу сабағының екінші циклінде 1 "Ә" сыныбының жетекшісі Мамбеталиева Айгерім Рашитқызы математика пәнінен "Есептер шығару" тақырыбы бойынша сабақ өткізді. Мұғалім сабақ барысында "Миға шабуыл"әдісі жұмбақтар жасырумен жаңа тақырыпты ашса, "Керуен көші", "Ойлан-жұптас-талқыла" әдісі арқылы кері есеп құрастыру, "Кім жүйрік?" ойыны арқылы саралау тапсырмаларын жүзеге асырды. Сабақ соңында кері байланысты "Керуен жүгі" ойын әдісін қолданып, сабақты өте қызықты әрі тартымды өткізді.