27
апрель
2022
2021-2022 оқу жылындағы "Ата-баба дәстүрі-ұрпаққа аманат" бағдарламасы
"Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп" КММ-нің 2021-2022 оқу жылындағы "Ата-баба дәстүрі-ұрпаққа аманат" бағдарламасы бойынша, "Ұлы-дала мәдениетін, тарихын, мұраларын ұрпақтан ұрпаққа" жобасын іске асыру мақсатында мектебімізде "АТА-КӘСІБІ-БАЛАҒА МҰРА"атты тақырыпта тәрбиелік іс-шара өтті. Ата-баба кәсібінің үлгілерімен таныстырып, халық өнерлерін қастерлеуге, үлгі тұтуға тәрбиелеу мақсатында өткен шара барысында оқушылар көрініс көрсетіп, өнерлерін ортаға салды. Ата-кәсіппен айналысатын ауыл тұрғындары қонақ ретінде шақырылып, сұхбат жүргізілді. Кәсіп иелері өз тәжірибелерімен бөлісіп, жас буынға кеңес берді.