15
март
2023
"Ілияс Жансүгіров оқулары"
Наурыз айының 15 күні жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасында Ілияс Жансүгіров шығармаларын насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тума талант, табиғи дарындарын анықтау мақсатында қалалық "Ілияс Жансүгіров оқулары" өткізілді. Нәтижесінде мектебіміздің 10 "Ә" сынып оқушысы Айсаева Томирис «Ілияс- сөз шебері » бағыты бойынша ІІІ орынды, 8 сынып оқушысы Сағатбек Дильназ « Ұлы тұлғаға арнау» бағыты бойынша ІІІ орынды иеленді.« Ілияс-қазақ поэзиясының жыр құлагері » бағытына 10 «Ә» сынып оқушысы Жұмабай Еркежан қатысып алғыс хатпен марапатталды.