Мұқағали оқулары » №22 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(7282) 40-14-54
Версия для
слабовидящих
07
февраль
2023

Мұқағали оқулары

      Республикалық  жалпы  білім  беретін  оқу  орындары білім алушылары арасында өтетін қалалық М.Мақатаев оқулары 2023 жылдың 07-ақпан күні Талдықорған қаласындағы «Еркін ауылындағы    Е.Берліқожаұлы атындағы №11

орта мектебі» КММ-де болып өтті. Байқаудың мақсаты: Жалпы білім беретін  мектеп оқушылары арасында М.Мақатаевтың шығармаларын насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын,тума талант,табиғи дарындарын анықтау. Оқушылырдың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөзінің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге, ой-пікірлерін ғылыми тұрғыда дәйекті жеткізуге баулу.

     Байқаудың «Айтып өткен ақында арман бар ма?»  номинациясы бойынша «Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп» КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі - Акбакирова Гүлнар Өмірзаққызы  дайындаған 10 «Ә» сынып оқушысы Мұратбек Адалбек ІІІ орынды иеленді. Бұл айдарға қатысқан 29 үміткер  ақиық ақынның   өлеңдерінен жатқа мәнерлеп айту қабілетімен бағаланды.