«Lesson study-даму мен ілгерілеудің    формуласы» » №22 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(7282) 40-14-54
Версия для
слабовидящих
» » «Lesson study-даму мен ілгерілеудің    формуласы»
16
март
2023

«Lesson study-даму мен ілгерілеудің    формуласы»

«Lesson study-даму мен ілгерілеудің    формуласы» тақырыбында ПШО тренері Туреханова Гүлшат Бейсенбековна, ТҚББДОӘО  аға әдіскері Садуакасова Мария Құрмашқызының қатысуымен қалалық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес семинар-практикум ұйымдастырылды. Мақсаты:- сабақтағы зерттеу арқылы  мұғалім тәжірибесінің  даму мен ілгерілеу динамикасын көрсету;
- мұғалімдердің  Lesson study –сабақты зерттеу тәжірибесімен бөлісу; 
Күтілетін нәтиже: мұғалім тәжірибесіндегі даму мен ілгерілеу жолдарын  көреді;-сабаққа қатысып, зерттеуді  бақылайды, сабақтан кейінгі талдауды жүргізу тәжірибесімен танысады. Семинардың алғашқы сөзін мектеп директоры  Ляйля Жанатовна Байсова тәжірибе алмасу мақсатында келген қалалық ұстаздар қауымын семинар бағдарламасымен таныстырып, алдағы жұмыстарына сәттілік тілеп, Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтады. Мектеп психологі Н.Кангабылова сәлемдесу жаттығуын өткізіп, жағымды ахуал туғызды. ДӘІЖО А.Касымова "LS даму мен ілгерілеудің формуласы" мұғалімдердің тәжірибесіндегі даму мен ілгерілеудің динамикасына шолу жасады. Семинар барысында көркем еңбек пәнінің мұғалімі К.Джурумбаеваның ұйымдастыруымен «Киім тігу мен құрақ құрау үйірмесі» кабинетінің ашылуы өтіп, «Геометриялық фигуралар арқылы еңбек сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалай арттыруға болады?» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімі А.Мамбеталиева математика пәні мен көркем еңбек пәнін байланыстыра отырып панорамалық сабақ өткізді. Пән мұғалімдері Т.Бегалинова, А.Қомпыш., Г.Бөкенова, Н.Касымова сабақтағы зерттеу арқылы білім алушылардың білім деңгейін арттыратын тың идеяларымен бөлісті. Директордың әдістеме ісі жөніндегі орынбасары А.Касымова, бақылаушылар Е.Өскембаев, А.Кульжабекова, Г.Омирзаковна, координатор А.Садбаеваның жетекшілігімен  6 сыныпта пән мұғалімі А.Компыш қазақ тілі пәнінен «Болжау» әдісі білім алушылардың танымдық белсенділігін арттыруда қаншалықты ықпал етеді? зерттеу сұрағы бойынша өткізілген сабақтағы зерттеуден кейінгі талдаудың тәжірибе алмасу үлгісін, «Триангуляция» стратегиясы негізінде деректерді жинақтау, өңдеу жолдарын көрсетті.