2022-2023 оқу жылының І жартыжылдығы бойынша мектептегі психологиялық қызметтің аналитикалық есебі » №22 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(7282) 40-14-54
Версия для
слабовидящих
» » 2022-2023 оқу жылының І жартыжылдығы бойынша мектептегі психологиялық қызметтің аналитикалық есебі
26
декабрь
2022

2022-2023 оқу жылының І жартыжылдығы бойынша мектептегі психологиялық қызметтің аналитикалық есебі

«Еңбек ауылындағы МДШО бар  №22 орта мектебі» 
отдела образования Шуского района

2022-2023 оқу жылының І жартыжылдығы бойынша мектептегі психологиялық қызметтің аналитикалық есебі 

    ««Еңбек ауылындағы МДШО бар  №22 орта мектебі» 
 КММ  психологы туралы ақпарат



Мектеп атауы    Психолог саны    Ф.И.О.    Білімі (толығымен)Жалпы өтілімі
Психолог мамандығы бойынша өтілімі

   № 22        1    Кангабылова Назым Сериковна    Жоғары, «І.Жансүгіров» атындағы ЖМУ, 2007 ж.Жалпы өтілімі  – 18 жыл, психолог мамандығы бойынша – 12 жыл





















Мазмұны

1.    Кіріспе    
2.    Негізгі бөлім
3.    Диагностикалық жұмыстың нәтижелері            
•    Бастауыш сынып 
•    Орта буын
•    Жоғарғы буын
4.    Аутодеструктивті мінез-құлықтың  алдын алу  бойынша жүргізілген жұмыстар5.    Психологиялық қызметтің бірлескен жұмыстары (ДТІЖО, әлеуметтік педагог)
6.    Сәтсіз отбасындағы балалармен жұмыс
7.    Тәуекел тобы баларымен жұмыс
8.    Педагогтармен жұмыс
9.     Ата-аналармен жұмыс
10.    Қорытынды 
11.    Қосымша 
12.    Қолданылған әдістемелер













Мектептің миссиясы: Жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгерген, отаншыл, еңбекқор, зияткер, салауатты тұлға тәрбиелеу.
Мектептің мақсаты: білім алушылардың жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып, тиімді және сапалы білім беру,оның тұтастығы мен даму мәселелерін шеше алатын Қазақстан патриоты – полимәдениетті, прагматикалық тұлғаны қалыптастыру.
Психологиялық қызмет көрсетудің мақсаты: дамудың және оқу-тәрбие процесінің әлеуметтік жағдайын ғылыми психологиялық қамтамасыз ету, яғни білім беру процесіндегі барлық қатысушылардың денсаулығын сақтауға арналған психологиялық жағдайларды қамтамасыз ете алатын, тұлғаны дамыту мен тәрбиелеудің осы күнгі психологиялық-педагогикалық теориялары негізінде осы процесті ұйымдастыру мен құру және жүргізу.
Психологиялық қызмет көрсетудің міндеттері: 
1)білім алушылардың тұлғалық және зияткерлік дамуына ықпал ету, өзін – өзі тәрбиелеу және өзін – өзі дамыту қабілетін қалыптастыру;
2)білім алушыларға ақпараттық қоғамның жылдам дамуында олардың табысты әлеуметтенуіне психологиялық тұрғыдан жәрдем көрсету;
3)білім алушыларды психологиялық – педагогикалық зерделеу негізінде әрбір білім алушыға жеке тәсілді қамтамасыз ету;
4)психологиялық диагностиканы жүргізу және білім алушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту;
5)психологиялық қиыншылықтар мен білім алушылардың проблемаларын шешу бойынша психологиялық түзету жұмыстарын жүзеге асыру;
6)білім алушылардың психикалық денсаулығын сақтау;
7)психологиялық проблемаларды шешуде және оқу – тәрбие жұмыстарының қолайлы әдістерін таңдауда ата – аналар мен педагогтерге консультациялық көмек көрсету;


















2022-2023 оқу жылындағы
педагог-психологтің  жүргізген жұмысы  бойынша
 жарты жылдық есебі

             2022-2023 оқу жылында мектеп оқушыларына құрылған жоспарға сай келесідей психодиагностикалық  жұмыстар  жүргізілді. 
І.  Бастауыш сынып оқушылары
(1 сынып оқушыларының бейімделуі)
1 сынып оқушыларының мектепке бейімделуін анықтауға жүргізілген әдістемелердің нәтижесі   бойынша 
                                          Керн-Йрасек тестінің қорытындысы
Сынып    Жоғары деңгей    Орта    Төмен1 «А» - 18 оқушы    15    3    -1 «Ә» - 19 оқушы    17    2    -1 «Б» - 18 оқушы    13    5    -







«1 сынып оқушысының бейімделуі» атты оқушыларға арналған сауалнама
   Диагностикаға барлығы 54 оқушы: 1А сыныбынан -17 оқушы, 1Ә сыныбынан-19 оқушы, 1Б сыныбынан -18 оқушы қамтылды. Диагностика нәтижесінде оқушылардың мектепке бейімделу деңгейлері анықталды. Сыныптар бойынша нәтиже төмендегідей:
    1А сыныбы бойынша    1Ә сыныпбойынша    1 Б сыныпбойынша
бейімделушілік бар    6    8    7бейімделушілік көрінеді    5    5    8бейімделушілік баяу    5    4    3бейімделудің төменгі деңгейі    1    2    0 
«Менің сыныбым» атты проективті әдістеме
    Егер мұғалімнен алыс, жалғыз тұрса, оқушының сыныпқа, мұғаліміне бейімделмегенін көруге болады.    Егер балалармен ойын ойнап, сабақ оқып тұрса ол жақсы дегенді білдіреді.    Егер оқушы мұғалімнің қасында болса, онда оқушы мұғалімге жақындағысы келетінін көрсетеді.    Ойын барысындағы бала, оқуға деген мотивациясы төмен.
1 «А»    4    8    2    31 «Ә»    8    6    4    11 «Б»    4    7    4    3«1сынып оқушысының бейімделуі» атты ата-аналарға арналған сауалнама
Сыныптар    Ата-ана саны    1А    1Ә    1БҚатысқан ата-аналар саны    51    19    16    16


      
Бала мектепке өз еркімен барады ма?
 
Балаңыз мектеп тәртібіне үйреніп кетті ме?
 
Қалай ойлайсыз балаңыз мектепке бейімделді ме?
 


Қорытынды:  Оқушылардың оқуға деген мотивациясын, мектеп өміріне бейімделуін бақылау барысында анықталғаны мұғалімдер оқыту процесінде әр оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып жұмыс жасайды. Әр баламен жеке қарым-қатынас жасауға тырысады. Сонымен қатар мұғалімдер балалардың сыныпта еркін отыруына ықпал туғызады. Бұл әрекеттер балалардың бойында мектеп тәртібін қалыптастыруда біршама қиындықтар туындатуы мүмкін. Жалпы  психологиялық қызметтің бақылауы бойынша, 1-сынып  оқушыларының  мектеп өміріне  бейімделуі бірқалыпты деңгейде жүріп жатыр. Бейімделушілік бар -39%,
Бейімделушілік көрінеді-33%, 
Бейімделушілік баяу - 22%, 
Бейімделудің төменгі деңгейі-6%. 
 Алынған диагностика нәтижесі сынып жетекшілеріне таныстырылып, ұсыныстар берілді.  Сынып жетекшілермен бірлесе дер кезінде анықталған мәселелерді шешу жұмыстары жүргізілді. Оқушылармен, ата-анамен түзету дамыту жұмыстары жүргізілді. "Көңіл-күйімізді суреттейміз", «Оқушы болған қалай екен?», «Ертегі терапиясы».
2 –4  сыныптар
Сынып ұжым арасындағы жайлылықты және мектепте өзіндік жеке уайымдардының деңгейін анықтау мақсатында Д.Лампен, Л.Пономоренконың «Ағаш проективті әдістемесі» алынып, нәтижесі сынып жетекшілеріне таныстырылды, ұсыныстар берілді. 
3 сыныптар оқушының эмоционалдық жағдайын анықтау, агрессияны анықтау мақсатында «Кактус» әдістемесі алынды. Бұл әдістемеден күтілетін нәтиже
1. Оқушы мен жанұя арасындағы жағымды ахуалды бақылау, оқушыға түсінік беру
2. Агрессия деңгейін төмендету
3. Өзіне назар аударудың деңгейін нормаға келтіру
4. Ұйымшылдыққа шақыру
5. Мінез-құлқының өзгеруіне ықпал ету. 

























03.10.2022 Дарын-Жетісу орталығының ұйымдастыруымен 10 жасқа толған оқушылардың дарындылығын диагностикаланды, 10 жастағыы 4-5 сынып оқушыларынан 32 оқушы қамтылды.  Нәтижесі бойынша оқушының дарындылығын 4 К бойынша дамытуға ұсыныстар сынып жетекшісі мен ата-аналарына берілді. 
10.11.2022ж 5-11 сынып оқушыларынан  «Мұғалім оқушы көзімен» сауалнамасын алынды. Сауалнамаға 240 оқушы қамтылды. 1. Пәннің жүргізілу деңгейі; 2.Функционалдық сауаттылықтың дамуына әсер ететін пәндер; 3, Пән мұғалімінің оқушыға көңіл бөлуі (эмпатия) анықталды. 






















14-18.11.2022ж 1-11 сынып оқушыларына сынып жетекшілерімен бірлесе «Құпия дос» акциясы ұйымдастырылды. Акцияның мақсаты оқушылар арасындағы ахуалды, қарым-қатынасты, сыйластықты қалыптастыру.  15.11.2022 ж 10 сынып оқушыларының психологиялық жайсыздықты жеңуге көмектесетін адамның қасиеттерін, дағдыларын түсіну қабілетін дамыту. «Аяқталмаған сөйлемдер» әдістемесі жүргізілді. 
22.11.2022ж. МАД тобы оқушыларымен «Қоян», «Телефон» ойын-жаттығулар жүргізілді. 
23.11.2022ж 5-11 сынып оқушыларымен «Өмірдің мәні неде?» атты тақырыпта тренингтер жүргізілді. 
12 .12.2022 ж. 5-11 сынып оқушыларына доминантты қабылдау каналын анықтау мақсатында С.Ефремцеваның  әдістемесі алынды, нәтижесі шығарылып, мектеп әкімшілігіне,  пән мұғалімдеріне оқушылардың оқуын жақсартуға ықпал ету мақсатында ұсыныс кеңестер берілді. Зерттеуге 269  оқушы қамтылды.
20.12.2022ж 1-4 сынып оқушыларына «Ертегі терапиясы» жүргізілді. 
21.12.2022ж 7-11 сынып оқушыларының зиянды заттарға деген қатынасын анықтау мақсатында «Нашақорлық – өмір азабы» тақырыбында сауалнама алынды. 
 ІІ.  Орта буын
5 «А», 5 «Ә» сынып (Орта буынға бейімделу)
     5-сынып білім алушылардың мектеп мотивациялық деңгейін скринингті бағалау үшін, мектепке және оқу үдерісіне қатынасын, мектеп жағдайына эмоционалды жауап беруін айқындайтын 10 сұрақтан тұратын сауалнама алынды.
     Мектеп мотивациясының 5 негізгі деңгейі белгілі:
•    Мектеп мотивациясының жоғарғы деңгейі;•    Жақсы мотивациясы;•    Мектепке жағымды қатынасы;•    Төменгі мектеп мотивациясы;•    Жағымсыз мектеп мотивациясы, мектеп дезадаптациясы.Білім алушылардың мектептегі мотивация деңгейі

№    Сынып    Мотивация деңгейі        Жоғары    Жақсы    Жағымды    Төменгі    Дезадаптация1    5 «А»18 оқушы    11%2 оқушы    17%3 оқушы    50%9 оқушы    22%4 оқушы    -2    5 «Ә»17 оқушы    12%2 оқушы    35%6 оқушы    35%6 оқушы    18%3 оқушы    -Оқушылардың пәнге деген көзқарасын анықтау мақсатында «Түймедағы гүлі» әдістемесі алынды. Школьникам түймедағы гүлінің әрбір күлтесіне пәннің аты жазылған парақтар таратылып беріледі.  
Қызықты, ұнайтын пәнді – қызыл түспен;
Қиын пәнді – көк түспен;
Қызықсыз пәнді – сары түспен;
Ұнамайтын пәнді – қара түспен бояу керектігі түсіндіріледі
Нәтижесінде: 5А сыныбы  бойынша: 
пәндер    қызықты пән    қиын пән    қызықсыз пән    ұнамайтын пәнИнформатика    18            Қазақ тілі мен әдебиеті    17        1    Жаратылыстану    16    1    1    Дүниежүзі тарихы    16    1    1    Орыс тілі мен әдебиеті    15    1    1    1Қазақстан тарихы    14        2    2Көркем еңбек    14        2    2Математика    13    4    1    Ағылшын тілі    10    4    4    Музыка    9    2    7    •    5Ә сыныбы  бойынша:пәндер    қызықты пән    қиын пән    қызықсыз пән    ұнамайтын пәнИнформатика    16    1        Қазақ тілі мен әдебиеті    16            1Математика    15    2        Көркем еңбек    15    1    1    Орыс тілі мен әдебиеті    12    1    3    1Музыка     12    1    4    Дүниежүзі тарихы    11    5        1Қазақстан тарихы    9    6    2    Жаратылыстану    6    7    2    2Ағылшын тілі    4    4    5    4Филипстің мектептегі дегбірсіздік деңгейін анықтау әдістемесі
Мақсаты: негізгі мектеп жасындағы балалардың мектеппен байланысты үрейлік сипаты мен деңгейін зерттеу.





№    



Сынып    Факторлар        Мектептегі жалпы дегбірсіздік




    Әлеуметтік стресті бастан кешіру    Жетістікке жетудегі қажеттілік фрустрациясы    Өзін-өзі көрсету қорқынышы    Білімін тексеру жағдайдағы қорқыныш    Қоршаған орта күтуіне сәйкес емес  қорқынышы    Стреске төмен физиологиялық қарсылық    Мұғаліммен  қарым-қатынас кезіндегі қорқыныш пен проблемалар1    5 «А» 28 оқушы    41%    31%    31%    44%    55%    33%    57%    46%2    5 «Ә» 25 оқушы    50%    32%    46%    52%    68%    46%    62%    50%
5 «А» сыныбы                                                      5 «Ә» сыныбы
•    •    •    

 «Социометрия»  әдістемесі




Сыныптағы  оқушылардың әлеуметтік ортадағы қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеу мақсатында 5 А,Ә сыныптарынан социометрия әдістемесі алынды. Социометриалық талдау барысында  сыныптағы оқушылардың әлеуметтік ортадағы қарым-қатынас ерекшеліктері, орны анықталды. 
Қорытынды:
Сонымен, оқушы кіші мектеп жасынан орта мектеп жасына өтудегі пәндік бейімделу кезеңіндегі жүргізілген психологиялық зерттеу жұмыстарының қорытындысы төмендегідей нәтиже берді:
-    5 сынып оқушыларының мектептегі мотивациясы    жақсы, жағымды  және төменгі деңгейдегі оқушылар анықталды. Олар: 5 «А» сыныбында 4 оқушы төмен; 5 «Ә» сыныбында 2 оқушы төмен көрсетті. -     Оқушылардың мектептегі мазасыздық деңгейі – 5 «А» сыныбында –  Білімін тексеру жағдайдағы қорқыныш 55%, Стреске төмен физиологиялық қарсылық 57%; -    5  «Ә» сыныбында – Өзін-өзі көрсету қорқынышы (52%), Білімін тексеру жағдайдағы қорқыныш (68%), стреске төмен физиологиялық қарсылық (62%); 5-сынып оқушыларының орта буынға кіруімен байланысты бейімделу бағдарламасы негізінде дамыту тренинг-сабақтары өткізілді. «5-сынып дегеніміз не?, Өзіңді таны, Орта мектептегі жаңа оқушы, Біз-бірімізді түсінеміз бе?, Дос іздеп жүрмін».
Аутодеструктивті мінез-құлықтың  алдын алу  бойынша жүргізілген жұмыстар
Жетісу облысы білім басқармасы, «Талдықорған қаласының білім бөлімі» ММ «Кәмелетке толмағандар арасында аутодеструктивті мінез-құлықтарының алдын алу жөніндегі іс-қимыл жоспарын» басшылыққа ала отырып 2022-2023 жылдарға арналған жұмыс жоспары құрылып,  бекітілді.  Жоспар бойынша диагностикалық, профилактикалық, түзету-дамыту жұмыстары жүргізілуде. 
13, 15 қыркүйек күні оқушылар арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын-алу, балаларға қатыгездік, жыныстық қол сұғылмаушылық туралы сынып жетекшілеріне арналған ақпараттық парақшалар, жадынамалар таратылды, ата-аналарға «Жасөспірімдердегі депрессия белгілері, Аутодеструктивті мінез-құлықтың қауіп факторлары» атты жадынамалар әзірленіп, таратылды. 
Оқушылардың өтініштері мен хаттарын тіркеу мақсатында «Сенім жәшігі» тұрақты жұмыс істейді. Күнделікті оқушылар арасындағы микроклимат үнемі бақылауға алынып, көңіл-күйлері, мектеп ұстаздары мен оқушыларының  арасындағы қарым-қатынас бақыланып,  үнемі психологиялық ағарту жұмыстары жүргізілуде. Мектептегі оқушылардың мінез-құлқына кері әсерін тигізетін келеңсіз сайттарға мониторинг ай сайын жүргізіліп отырады.
20 қыркүйекте 1-11 сынып ата-аналар жиналысы ұйымдастырылып, «Аутодеструктивті мінез-құлық» тақырыбында презентация, видеоролик көрсетілді. 
5-11 сынып оқушыларынан аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бойынша, жасырын әлеуметтік сауалнама алынды. Сауалнамаға 277 оқушы қамтылды. 
04.10.2022ж 10 сынып білім алушыларының әлеуметтік ортадағы орнын анықтау  «Социометрия» әдістемесі алынды,  нәтижесінде сыныпе жетекшілерімен бірлесе  түзету дамыту жұмыстары жүргізілді. 
12 қазан күні 11 сынып оқушыларының бойындағы мазасыздық деңгейін анықтауға арналға Э.Бека әдістемесі жүргізілді. 
14 қарашада 1-11 сынып оқушыларына сынып жтекшілерімен бірлесе оқұушылар арасындағы қарым-қатынасты арттыру, сыйласымдылықты қалыптастыру мақсатында «Құпия дос» акциясы ұйымдастырылды. 
16-17 қарашада 2-4 сынып оқушылары арасындағы жайлылықты және мектепте өзіндік жеке уайымдарының деңгейін анықтауға Л.П.Пономарен ко және Д. Лампеновтың «Ағаш» проективті әдісі, М. А. Панфилованың «Кактус»  графикалық тесті жүргізілді. 
23 қарашада «Өмірдің мәні неде?» тақырыбында психотехникалық тренинг-жаттығулар  жүргізілді. 
07 желтоқсанда 7-11 сынып оқушыларына  «Өзіңді қылмыскерлерден қалай қорғауыңа болады?» тақырыбында видеоролик көрсетіліп, өзін қорғауы, өзін ұстауы бойынша құқықтық сауаттылықтарын арттыру жұмыстары жүргізілді. https://www.youtube.com\watch?v=Etjcjm5d8dE
20 желтоқсан күні 1-4 сынып оқушыларына  «Ертегі терапиясы» жүргізілді. 
Психологиялық қызметтің бірлескен жұмыстары (ДТІЖО, әлеуметтік педагог) Құқықбұзушылық, нашақорлық, ерте жүктілік, зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша жылдық бірлескен жұмыс жоспары құрылды, жұмыстар атқарылды. Атап айтсақ, 1-11 сынып оқушыларының әлеуметтік әлеуметтік паспорты жасалынып, әлеуметтік мәртебе бойынша балалардың тізімі алынды. 22.09.2022 жыл 8-10 сыныптың
жасөспірім қыздар арасындағы ахуалды анықтау, қыздармен сұхбаттасу, қызбаланың тәрбиесі туралы ой салу, жағымды көзқарас қалыптастыру мақсатында қыздармен кездесу ұйымдастырылды. Қыздардан сауалнама алынды. 
11.10.2022 жылы «Балалардың қауіпсіздігінің алдын алу, ата-аналардың бала өміріне жауапкершілігі» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті. "Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің араснда құқықбұзушылықпен қылмысты болдырмау және оның алдын алу" тақырыбында Талдықорған ҚПЖ »ПҚБ УИ полиция капитаны Г.Сәкенова баяндамасымен таныстырып, ата-аналармен пікір алмасты. Ата-аналар назарына «Бақытты отбасы-бақытты бала» тақырыбында баяндама оқылды, видео көрсетіліп, ата-аналарға баламен қарым-қатынасты жақсарту, қолдауға ұсыныс, кеңестер берілді.
12.10.2022 жыл 7-9 сынып қыз балаларын әдептілікке, сыпайылыққа, инабаттылыққа  тәрбиелеу мақсатында «Қыз әдептілігімен әдемі, инабаттылығымен сәнді» тақырыбында баяндама оқылып, видео көрсетіліп,  сұрақ-жауап арқылы  пікір алмасып, психологиялық кеңестер берілді. Жасөспірім қыздар арасындағы келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында қыздар, ұлдар ұйымымын бірлесіп оқушылар арасындағы макроклимат үнемі бақылануда. Мектеп медбикесі, мектеп инстпекторымен бірлесіп 5-11 сынып оқушыларына Салауаттылық, жеке гигиена, зиянды заттардан өзіңді сақтау.
Сәтсіз отбасындағы балалармен жұмыс:
Биылғы оқу жылында 2 сәтсіз жанұя тіркелген. Мектеп жасында 4 оқушы. Сәтсіз отбасы балаларына қолдау,өмірге бейімдеу мақсатында әр оқушыға жеке жоспар жасалынып, жұмыстар атқарылуда. Жылдың басында сәтсіз жанұя балалары жайлы сынып жетекшісімен, пән мұғалімдері мен сыныптастарымен әңгімелесу арқылы ақпарат жинап, бақылау жүргізілді. Оқушылардың темперамент ерекшеліктері зерттелінді. Отбасындағы психологиялық ахуалды зерттеу мақсатында «Менің отбасым», оқушының эмоционалдық жағдайын зерттеу мақсатында  проективті әдістемелер алынып, оқушының қарым-қатынасы, әлеуметтік ортада өзін ұстауы, өзін реттеуі бойынша тақырыптарда үнемі оқушымен жеке жұмыстар жүргізіліп мен кеңестер беріліп, оқушылардың жағдайы сынып жетекшісі мен психолог тарапынан бақылауда болады. 
Тәуекел тобы  балаларымен жұмыс: 
Мінез-құлқы және  диагностика нәтижесі бойынша  9 оқушы тәуекел тобына есепке алынып, оқушылармен жеке жоспар құрылып,  жұмыстар жүргізілуде. Бақылауға алынған оқушы және сынып жетекшісімен , ата-анасымен жеке кеңестер жүргізілді. Білім алушылардың  психоэмоционалдық жағдайы, темперамент ерекшеліктері анықталып, сынып жетекшісі мен пән мұғалімдеріне ұсыныс кеңестер берілді. Өзін-өзі бағалау деңгейлері мен аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бойынша проективті, графикалық тесттер алынып, нәтижесіне орай оқушылардың ойын, көзқарасын өзгертуге арналған әңгімелер жеке де, топтық түзету-дамыту жұмыстары да жүргізіліп тұрады. Оқушылардың жағдайы сынып жетекшісі мен психолог тарапынан үнемі бақылануда. 
Педагогтармен жұмыс
31.08 2022 жылы педагогтер арасында бір-біріне деген, өзіне деген жағымды көзқарасын қалыптастыру мақсатында  «Әріптес көзімен» әдістемесі жүргізілді. Әдістемеге 56 педагог қатысты. Қорытындысында әр педагогке әріптестерінің берген бағалауын қасиеттері жазылған парақшаны таратып, осы ұжымда орны бар екені айтылып, сізбен мақтанамыз деп қағаз таратылды. Жағымды ахуал орнайды, өзіндік бағалауы артады. 
06.10.2022 ж жас мамандармен «Жасыма талма, тек қана алға» тақырыбында тренинг-жаттығулар жүргізілді. Жас мамандарға жаңа ортаға бейімделу бойынша ұсыныстар беріліп, жадынама таратылды.
10.10.2022ж Педагогикалық ұжымдағы психологиялық ахуалды анықтау мақсатында жасырын сауалнама алынды, сауалнамаға 46 педагог қатысып, өз ойларын білдірді. Нәтижесінде пед ұжым арасындағы ахуал жағымды деуге болады
 
Педагогикалық ұжымға сұраныс бойынша кеңестер беріліп отырды, сынып жетекшілері мен пән мұғалімдерімен бала тәрбиесіне байланысты бірлескен жұмыстар жүргізілуде. 
Ата-аналармен жұмыс
2022-2023 оқу жылдың басында 1-11 сынып ата-аналарынан мектеп психологының баламен жұмыс жасауына келісім қағаз алынды. 
06.09.2022ж  2-11 сынып ата-аналарынан «Сіз қандай ата-анасыз?» сауалнамасы алынды,  268 ата-ана қатысты, нәтижесі шығарылып, сынып жетекшілеріне таныстырылып, ұсыныс кеңестер берілді.
20.09.2022ж 1-11 сынып ата-аналар жиналысында  «Аутодеструктивті мінез-құлық» презентация, Оқу ағарту министрлігінің 25.08.2022ж шыққан №377 бұйрық, ата-ана келісімі жайлы ата-аналарға түсіндіру жұмыстары, видео көрсетілім, жаттығулар жүргізілді. 
21.09.2022ж 1 сынып оқушыларының мектепке бейімделуін байқау мақсатында ата-аналарына сауалнама алынды. 05.10.2022ж «Бала дамуының жас кезеңдері», «Өз балаңа үлгі бол» тақырыптарында 1 сынып ата-аналар жиналысында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ұсыныс, кеңестер берілді. 
11.10.2022 жылы «Балалардың қауіпсіздігінің алдын алу, ата-аналардың бала өміріне жауапкершілігі» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті. "Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің араснда құқықбұзушылықпен қылмысты болдырмау және оның алдын алу" тақырыбында Талдықорған ҚПЖ »ПҚБ УИ полиция капитаны Г.Сәкенова баяндамасымен таныстырып, ата-аналармен пікір алмасты. Ата-аналар назарына «Бақытты отбасы-бақытты бала» тақырыбында баяндама оқылды, видео көрсетіліп, ата-аналарға баламен қарым-қатынасты жақсарту, қолдауға ұсыныс, кеңестер берілді.
01.11.2022ж 8 сынып ата-аналарына «Шаттыққа толы жүрекпен» тақырыбында треннинг-жаттығулар жүргізілді. 
15.11.2022ж Бесінші сынып оқушыларының ата-аналарына орта буынға бейімделуне арналған ұсыныс кеңестер берілді. «Бақыттымыз бәріміз» тақырыбында тренинг-жаттығулар жүргізілді. 
15-17.11.2022ж  6,7,8,10,11 сынып ата-аналарына Балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселесіне қоғамның назарын аудару, балаларға қатыгездікпен қарауға теріс көзқарасты қалыптастыру мақсатында  «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық науқаны барысында «Зорлық-зомбылықтың алдын алу отбасы, мектеп, қоғам мәселесі» тақырыбы бойынша ата-аналармен кездесу ұйымдастырылды.ЕНТ, Мамандық таңдау бойынша кеңестер берілді. 












Қосымша

Қолданылған әдістемелер:
1.    Керна-Йерасиктің «Мектепке дайындығын анықтау» әдістемесі 2.    «1 сынып оқушысының бейімделуі» атты оқушыларға арналған сауалнама3.    «1сынып оқушысының бейімделуі» атты ата-аналарға арналған сауалнама4.    «Менің сыныбым» атты проективті әдістеме5.    «1сынып оқушысының бейімделуі» атты ата-аналарға арналған сауалнама6.    Д.Лампен, Л.Пономоренконың «Ағаш проективті әдістемесі» 7.    «Кактус» әдістемесі 8.    Дж. Бук «адам-үй-ағаш» әдістемесі 9.    «Мұғалім оқушы көзімен» сауалнамасы 10.    «Аяқталмаған сөйлемдер» әдістемесі 11.    Доминантты қабылдау каналын анықтау С.Ефремцеваның  әдістемесі12.    «Нашақорлық – өмір азабы» сауалнама 13.    Н.Г.Лусканова «Оқу мотивациясын анықтау» тесті 14.    Кездесу графикалық тесті Т.Е.Замашиковның модификациясы бойынша15.     Социометрия16.     Филлипстің мектептегі дегбірсіздік деңгейін анықтау әдістемесі17.     «Жалғыздық» С.Корчагина18.     Мазасыздық деңгейін анықтауға арналған Э.Бека әдістемесі19.     Злата Королева Графикалық тест әдістемесі20.    Әріптес көзімен21.     Педагогикалық ұжымдағы психологиялық ахуалды анықтау сауалнамасы22.    «Менің жанұям»  проективті тесті23.    Қажеттілік проективті әдістемесі24.    Сіз қандай ата-анасыз?

















Қорытынды және ұсыныстар
   
Жұмыс формалары    1-11 сынып оқушылары    Педагогтар    Ата-аналарКонсультациялар мен әңгімелер    69    17    25Жеке жән топтық түзету дамыту жұмыстары    22    4    9
Диагностика     23    4    6Тәуекел тобындағы балалармен сабақтар мен әңгімелер    17    6    5Профилактикалық әңгімелер мен сабақтар    19    6    7
Жыл бойы атқарылған психологиялық жұмыстың қорытындысына қарап, SWOT талдау жасайтын болсам:

S   Күшті жақтары    W   Әлсіз жақтары1.2022-2023 оқу жылында  1,5 сынып оқушыларының бейімделу кезеңінің сәтті өтуі. 
2. 5-11 сыныптар арасында буллинг, кибербуллинг,  зорлық-зомбылық бойынша жасырын сауалнамалар алынып, рұқсат етілмеген ВК сайттары тексеріліп, мониторингтің жүргізіліп отыруы. Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу жұмыстарының жүргізілуі


    1.Бастауыш пен орта буын оқуындағы өзіндік қиындықтар оқушы психикасының өзгеруіне, эмоциональдық сферасын игеруіндегі қиналыстарға әкеліп, оқу-үлгерімінің, психикалық саулығының төмендеуіне әсер етуі2. Ата-аналар тарапынан балалардың әлеуметтік желіде отыруын қадағалаудың аздығы
   О  Қауіп-қатер
1.Мектепке бейімделуі төмен оқушылар
2. Ата-аналар тарапынан балаларына қолдаудың көрсетілмеуі, көңіл бөлмеуі, балалар өз мәселесімен жалғыз қалуы
    T  Мүмкіндіктер1. Бейімделуінде қиындығы бар оқушылармен қосымша түзету-дамыту жұмыстарын  ұйымдастыру;
2. Қауіп-қатер тобындағы балаларды алдын-ала анықтап, уақытылы психологиялық-педагогикалық қолдау жұмыстарын жүргізу


            Психологиялық қызметтің жұмысының нәтижелілігін тек мынадай жағдайда көруге болады: психолог пен педагогикалық ұжымның білім беру жүйесіндегі оқыту тәрбие жұмысындағы кәсіби қарым-қатынас біртұтас болса, бала тәрбиесіндегі психологтың көзқарасы мен педагогтың балаға деген көзқарастары бірін-бірі толықтырып отырса, ата-анамен, байланыста болса жұмыс өз нәтижесін береді. 2022-2023 оқу жылының ІІ жартыжылдығынаа психологиялық қызмет мынадай жұмыстарды іске асыруды жоспарлайды:
2022-2023 оқу жылының 2 жартыжылдығына арналған жұмыс перспективалары:
Барлық бағыттар бойынша жұмысты жалғастыру:
Диагностикалық әдістердің тұрақты деректер базасын құруды жалғастыру.
Жұмысты одан әрі жоғарылату үшін диагностикалық бағытты көмекші ретінде пайдаланыңыз.
Түзету-дамыту жұмыстарына арналған бағдарламалар жоспарын жетілдіру
Преподавателимен, ата-аналармен және оқушылармен жүргізілетін ағартушылық жұмыстар мазмұнын толықтыру
Психолог кабинетін қажетті құрал-жабдықтармен, әдістемелік материалдармен толықтыру




















Есепті дайындаған мектеп психологы Н.Кангабылова
87714628349