«Кәмелетке толмағандар арасында суицидтік әрекеттердің алдын алу » №22 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(7282) 40-14-54
Версия для
слабовидящих
» » » «Кәмелетке толмағандар арасында суицидтік әрекеттердің алдын алу
30
март
2022

«Кәмелетке толмағандар арасында суицидтік әрекеттердің алдын алу

«Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп» КММ-нің «Кәмелетке толмағандар арасында суицидтік әрекеттердің алдын алу бойынша 2021-2022 оқу жылының 

І жартыжылдығы бойынша атқарылған іс-шаралар туралы мәлімет


«Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп» отдела образования Шуского района Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 156 қаулысымен бекітілген  «Баланың құқықтарын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және жасөспірімдер арасында суицидтің көбеюі мәселелерін шешу жөніндегі 2020 – 2023 жылдарға арналған жол картасы» және Алматы облысы, «Кәмелетке толмағандар арасында суицидтік әрекеттердің алдын алу бойынша 2020-2023 жылдарға арналған Кешенді іс-шаралар жоспарын» жүзеге асыру бойынша жұмыс жоспары құрылып,  бекітілді.  Жоспар бойынша диагностикалық, профилактикалық, түзету-дамыту жұмыстары жүргізілуде. 

Оқушылардың өтініштері мен хаттарын тіркеу мақсатында «Сенім жәшігі» тұрақты жұмыс істейді. Күнделікті оқушылар арасындағы микроклимат үнемі бақылауға алынып, көңіл-күйлері, мектеп ұстаздары мен оқушыларының  арасындағы қарым-қатынас бақыланып,  үнемі психологиялық ағарту жұмыстары жүргізілуде. Мектептегі оқушылардың мінез-құлқына кері әсерін тигізетін келеңсіз сайттарға мониторинг ай сайын жүргізіліп отырады.

Жоспар бойынша атқарылған жұмыстар атап айтсақ,  14 қыркүйекте айында жасөспірімдердің психоэмоционалдық күйін, агрессиясын анықтау мақсатында 7 а,ә,б сыныптарынан 54 оқушының қатысуымен «Басс – Дарки» әдістемесі алынды. Школьникам агрессияның адамның қоғамдағы өмір сүру мен құқықтары ережелеріне қайшы келетінін, ашуды басқара алу, өзін-өзі тәрбиелеудің маңызы, өз көзқарасы туралы ойлануы жайлы түсіндіру жұмыстарын жүргізіліп, «Сен агрессияны қалай жеңесің?» тақырыбында видео көрсетілді. 

15, 23 қыркүйекте 1 сынып ата-аналарына «Өз балаңа үлгі бол», 2-11 сынып ата-аналармен қыркүйек айында ZOOM платформасы арқылы балалардың интернетке тәуелділігінің алдын алу мақсатында  «Отбасы – бақыт мекені, «Баланың ғаламтордағы қауіпсіздігі»» тақырыптарында жиналыс   ұйымдастырылып, ата-ана мен бала арасындағы жағдаяттар талданып,  ұсыныс, кеңестер берілді.  

2021 жылдың 17 қыркүйегінде 4 сынып оқушыларының ата-аналарымен «Жалпыадамзаттық құндылықтар – отбасы тәрбиесінің негізі» атты жиналыс ұйымдастырылды. 

28 қыркүйекте 6-8 сынып оқушыларына өзіне деген құрметін қалыптастыру, өз әлемін мейірімділік әлемімен байланыстыып, жақсылық жасауға, өзін құрметтей білуге тәрбиелеу мақсатында «Мен және менің ішкі әлемім» тақырыбында психологиялық әңгіме жүргізілді. 

29 қыркүйекте 5-9 сынып оқушыларынан жасөспірімдер өміріндегі буллинг, кибербуллинг пен қорқыту, мектептегі буллингті анықтау және алдын алу мақсатында «Жасөспірімдер өміріндегі буллинг» тақырыбында сауалнама алынды, сауалнамаға 212 оқушы қамтылды. Сауалнама нәтижесі бойынша оқушылардың жауаптары сараланып нәтижесі шығарылды. Мектеп бойынша оқушылар тарапынан буллингке, кибербуллингке ұшыраған оқушылар анықталмады. Мектеп оқушылары арасында буллинг, кибербуллингтің алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 

04 қазанда 5 сынып оқушыларының мектеппен байланысты, эмоционалдық жағдайын мазасыздануының сипатын зерттеу мақсатында «Мектептегі дегбірсіздік деңгейі»  Филиппс әдістемесі алынды. Зерттеуге 60 оқушы қамтылды. Зерттеу нәтижесі педагогкалық кеңесте қаралып пән мұғалімдері мен сынып жетекшілеріне ұсыныстар берілді. Оқушылармен бойындағы мазасыздық. Қорқынышты жоюға арналған тренинг-жаттығулар жүргізілді. 

13 қазанда  7-11 сынып оқушыларына  әлеуметтік жанашырлықты жақсартуға жәрдемдесу, әлеуметтік  желінің пайдасы мен зияны туралы, түсініктерін дамыту мақсатында  «Буллинг. Кибербуллинг. Кибербуллингтің алдын алу» тақырыбында кеңес берілді. 

20.10.2021ж 20.10.2021 ж Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу, стресстен арылуға психологиялық кеңестер беру мақсатында «Стресс  және дағдарыс: шығу жолдары» тақырыбында психологиялық алдын алу жұмыстары жүргізілді. 

11 қарашада 9 сынып оқушыларымен «Менің өмірім менің қолымда» атты тренинг сабақ өткізілді. 

16.11.2021ж 6–11 сынып оқушыларының оқушылардың  психоэмоционалдық жағдайын  анықтау мақсатында «Айзенк әдістемесі» алынды, барлығы 209 оқушы қамтылды. Алынған әдістеме қорытындысы сынып жетекшілеріне таныстырылып, жоғары мазасыздық ригидтілік, агрессия анықталған 23 оқушы бақылауға алынды. Оқушылармен жеке және топтық профилактикалық әңгіме жүргізілді. 18.11.2021ж  8-11 сынып оқушыларынан  зорлық-зомбылықты анықтауға арналған жасырын әлеуметтік сауалнама алынды.   Сауалнамаға 102 оқушы қамтылды қорытындысы шығарылды. 

03.12.21ж Бала мәселесімен айналысатын ұйымдармен бірлесіп оқушылардың өмірге деген қызығушылықтары, салауатты өмір салты, зиянды әдеттерден аулақ болу масқатында №1 қалалық емханасының жасөспірімдер кабинетінің мамандарымен кездесу өткізілді. 

07 желтоқсанда бақылауға алынған  оқушылардың болмысын, эмоционалдық жай-күйін, қоғамдағы орнын анықтау мақсатында  «Ағаш проективті әдістемесі» Д.Лампен, Л.Пономоренко, «Реактивті және тұлға мазасыздық деңгейін анықтау әдістемесі, Ч.Д.Спилбергер, Ю.Л.Ханин әдістемелері алынды. Зерттеуге бақылауға алынған 23 оқушы қамтылды. Сынып жетекшісі және психолог тарапынан осы оқушылармен жұмыстар жүргізілуін жалғасын табады. 

14 желтоқсанда қыздармен әңгімелесе отырып, ар - намысын, пәктігін, сұлулығын жоғары қоя біліп, жұрт алдында абыройлы болуға тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыту, зиянды әрекеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратынын ескерту мақсатында «Әдемі күл, сыпайы жүр, сұлу ойлан!» қыздар арасында сырласу өткізілді.

21 қаңтарда балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселесіне қоғамның назарын аудару, балаларға қатыгездікпен қарауға теріс көзқарасты қалыптастыру. Балаға қатігез әрекет көрсетілген жағдайда мектепте алдын алу және кризистік көмек көрсету мақсатында сынып жетекшілер мен педагогтардың қатысуымен «Мектептегі балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

25 қаңтар 6-11 сынып оқушылары «Өмір қымбатсың маған!» тақырыбында эссе жазып, өмірге деген көзқарастарын, ой-толғауларын жазды.

09 ақпанда мектеп инспекторы Г Сакенованың қатысуымен 7-11 сыныптың оқушы қыздарына «Жыныстық тиіспеушіліктің алдын алуға» жиналыс ұйымдастырылды. 

  • Оқушылар арасында өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу жұмыстары жандандырылсын. 

·Білім алушылардың психикалық денсаулықтары, көңіл күйлері сынып жетекші мен психолог тарапынан бақылауға алынсын.