"Өмірді сүйе білейік!" » №22 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(7282) 40-14-54
Версия для
слабовидящих
» » "Өмірді сүйе білейік!"
08
февраль
2023

"Өмірді сүйе білейік!"

«Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп» КММ 5-11 сынып оқушыларымен "Өмірді сүйе білейік!" атты тақырыбында  эссе алынды


Мерзімі: 08.02.2023 жыл

Тақырыбы: «Өмірді сдомбілейік!»

Мақсаты: Қатысқандар: 5-11 сынып оқушылары

Бала саны: 194

Бірлескен жұмыс: Қазақ тілі пән мұғалімдерімен бірлескен жұмыс


Барысы: Өмір дегенің дос-жаранға қамқор болу, санаңды торлаған тұманды ойларды шуақты қуанышқа ауыстыра білуің. Қызғаныштың отын бүркіп, сенім үдесінен шыға білу және   сөздеріңе берік болуың. Кісінің сыртқы емес, ішкі болмысына үңіліп қадірлеу қажет. Ең бастысы, өзгеге жақсылық тілеуші бола білуге ықпал ету 


5-11 сынып оқушылары арасында «Өмірді сүйе білейік!» тақырыбында эссе жазылып алынды. Оқушылардың жалпы өмірге деген психологиялық көзқарастары қалыптасқан, өмірдің - адамға бір-ақ рет берілетін баға жетпес қымбат сый. Осындай сыйды бізге сыйлаған кім? Әрине, саған осындай баға жетпес сый сыйлаған ең қымбат адамдарың - ата-анаң. Егер саған анаң осындай баға жетпес сый сыйласа, сен соған лайықты өмір сүруге тиіссің. Өмірдегі түрлі оқиғаларда саған сүйеу болатын, сүрінгенде демейтін досың болғаны дұрыс. Жақсы досы бар адам түзу жолдан таймайды.
 Өмір - өзен ағып жатыр, тынбайды, Өмір болмас қасіретсіз, мұң қайғы, - деп қазақ халқы өмірді ағып жатқан өзенге теңейді. Өйткені, өмір өзен тәрізді тоқтаусыз, ешкімге білдірмей өтіп жатады. Сол өзен ағынында кейбір жан өз арнасын тауып жатса, енді кейбіреулері бастарын тасқа да, жарға да ұрып, өз жолын таба алмай жатады, деп қорытындылаған тұстары да бар. Өмірге деген, алдыға қойған мақсатқа жету жолында сан қилы кедергілерден өтіп, талмай күресуге де дайын екендіктерін жазған. 

Ұсыныс: 

  • Оқушыға сәтсіз істерін жеңе білуге бағдар беру;
  • Психологиялық тұрғыда оқушының бойындағы жағымсыз күйзелістерді жою мақсатында ойын-жаттығулар жүргізу қажет деген ұсыныстар берілді.


Қорытындысында эссе нәтижесі бойынша сынып оқушыларымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Өмірге деген жағымды көзқарас орнатуға әңгімелер өткізіліп, Өмірді сүйе білейік тақырыбында түзету-дамыту жұмычтарына тренинг-жаттығулар ұйымдастырылды