Материалы за Октябрь 2024 года » Страница 3 » №22 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(7282) 40-14-54
Версия для
слабовидящих
» Материалы за Октябрь 2024 года » Страница 3
"Теннис"
10
октябрь
2024
"Теннис"
Мектепшілік теннис жарысына 5-6, 7-8, 9-11 сынып оқушылары қатысты. Мектебіміздің медбикесі Д.Амалбекова қызмет көрсетті. Жарыста дене шынықтыру пән мұғалімдері төрешілік етті. 5-6 сыныптар арасында  30 оқушы қатысып, 6 сынып оқушылары жақсы жетістік көрсетті. 7-8 сыныптар арасында  20 оқушы қатысып, 8 сынып оқушылары жақсы жетістік көрсетті. 9-11 сыныптар арасында  21 оқушы қатысып, 10 сынып оқушылары жақсы жетістік көрсетті.
"Язык - основа мира"
10
октябрь
2024
"Язык - основа мира"
"Язык - основа мира" онкүндігінің аясында 10.10.24 күні 5 сыныптар арасында орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Бегимбетова Асем Талаповна "Путешествие в мир сказок тақырыбында" сыныптан тыс шара өткізді. Шараның мақсаты: оқушылардың оқуға деген құштарлығын ояту; шығармашылық ойлау қабілетін дамыту; орыс ертегілері туралы білімдерін пысықтау. Ойын қорытындысында "Репка" командасы 300 ұпаймен жеңіске жетті.
"Язык - основа мира"
10
октябрь
2024
"Язык - основа мира"
Мектебімізде 8-18 қазан арасында өтіп жатқан "Язык - основа мира" атты онкүндік барысында үлкен үзіліс кезінде "Көңілді үзіліс" атты іс-шара өтуде. Мақсаты: оқушылардың орыс тілін оқуға ынтасын арттыру, ойын арқылы орыс тілі сабағында алған білімдерін пысықтау. Сондай бір үзілістен көріністер. Өткізген орыс тілі мұғалімі Акмолдаева Гульмира Ешахановна.
"Ата-аналар жиналысы"
10
октябрь
2024
"Ата-аналар жиналысы"
Ағымдағы оқу жылының  10-қазанында 11 сынып білім алушыларының  ата-аналарымен Мектеп директоры Е.Мусанов пен директордың оқу- тәрбие ісі жөніндегі  орынбасары Ж.Шаекенова жиналыс өткізді. Родителям жалпы ЕНТ туралы жалпы  түсіндірме жұмысы жүргізіліп , білім алушылардың сынама тестерінің нәтижесімен таныстырылды. Жиналыс соңында ата-аналарда кері байланыс беріп,өз ойларын ортаға салды.
«Зерде»
10
октябрь
2024
«Зерде»
Ағымдағы жылдың 10  қазан күні  «Зерде» республикалық 2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары конкурсының  мектепішілік кезеңі өткізілді. Конкурстың мақсаты – балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады. Комиссия құрамы конкурсқа қатысушы оқушылар мен жетекшілерге кері байланыс беріп , ұсыныстар берді.
Tester.kz
09
октябрь
2024
Tester.kz
Ағымдағы жылдың 9- қазанында 9-сынып білім алушыларының оқу жетістіктерін мониторинглеу бойынша Tester.kz платформасында тегін сынақ тестілеуі өткізілді. Білім алушыларының оқу жетістіктерін мониторинглеу( МОДО) - мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкестігіне білім беру ұйымдарына тәуелсіз білім сапасының жүйелі мониторингі.
«Язык-основа мира»
09
октябрь
2024
«Язык-основа мира»
«Язык-основа мира» атты «Словесники» бірлестігінің онкүндік жоспарына сәйкес 09.10.2024 күні орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Даниярова Н.Ж. 4 "Ә" және 4"А" сыныптарының білім алушылары  арасында «Хочу всё знать»  интеллектуалды ойынын өткізді. Ойынның мақсаты: ойын арқылы  білім алушылардың танымдық белсенділіктерін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыта отырып, орыс тіліне деген қызығушылықтарын арттыру.
" Словесники"
08
октябрь
2024
" Словесники"
"Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар 22 орта мектеп "КММ-де 08.10 күні  " Словесники"  орыс тілі мен ағылшын тілі бірлестігінің онкүндігінің  ашылуы болды  .Мақсаты: Білім алушыларға  ана тілімен қатар  орыс және ағылшын тілдерін білудің маңыздылығын түсіндіру, тіл туралы жазылған  ақын- жазушылардың өлеңдерің мәнерлеп оқи білуге дағдыландыру, тілге құрмет сезімдері қалыптастыру.
Модо-2024
08
октябрь
2024
Модо-2024
Ағымдағы жылдың 08-қазанда 4-сынып білім алушыларының оқу жетістіктерін мониторинглеу бойынша Tester.kz платформасында тегін сынақ тестілеуі өткізілді. Білім алушыларының оқу жетістіктерін мониторинглеу( МОДО) - мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкестігіне білім беру ұйымдарына тәуелсіз білім сапасының жүйелі мониторингі. 
"Ұшқыр доп" мектеп лигасы
05
октябрь
2024
"Ұшқыр доп" мектеп лигасы
05-11 қазан күндері 5-6,7-8, 9-11 сыныптар аралығында мектеп лигасы аясында "Ұшқыр доп" атты гандбол жарысы өтілді. Бұл жарысқа мектебіміздің 224 бала қатысты. Жарыста өз ара сыныптар қатысты. Жарыс нәтижесінде жүлдегерлер марапатталып, арнайы кубоктармен және грамоталармен және қалалық жарысқа мектеп командасы жасақталды.