Материалы за 10.10.2024 » №22 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(7282) 40-14-54
Версия для
слабовидящих
» Материалы за 10.10.2024
"Теннис"
10
октябрь
2024
"Теннис"
Мектепшілік теннис жарысына 5-6, 7-8, 9-11 сынып оқушылары қатысты. Мектебіміздің медбикесі Д.Амалбекова қызмет көрсетті. Жарыста дене шынықтыру пән мұғалімдері төрешілік етті. 5-6 сыныптар арасында  30 оқушы қатысып, 6 сынып оқушылары жақсы жетістік көрсетті. 7-8 сыныптар арасында  20 оқушы қатысып, 8 сынып оқушылары жақсы жетістік көрсетті. 9-11 сыныптар арасында  21 оқушы қатысып, 10 сынып оқушылары жақсы жетістік көрсетті.
"Язык - основа мира"
10
октябрь
2024
"Язык - основа мира"
"Язык - основа мира" онкүндігінің аясында 10.10.24 күні 5 сыныптар арасында орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Бегимбетова Асем Талаповна "Путешествие в мир сказок тақырыбында" сыныптан тыс шара өткізді. Шараның мақсаты: оқушылардың оқуға деген құштарлығын ояту; шығармашылық ойлау қабілетін дамыту; орыс ертегілері туралы білімдерін пысықтау. Ойын қорытындысында "Репка" командасы 300 ұпаймен жеңіске жетті.
"Язык - основа мира"
10
октябрь
2024
"Язык - основа мира"
Мектебімізде 8-18 қазан арасында өтіп жатқан "Язык - основа мира" атты онкүндік барысында үлкен үзіліс кезінде "Көңілді үзіліс" атты іс-шара өтуде. Мақсаты: оқушылардың орыс тілін оқуға ынтасын арттыру, ойын арқылы орыс тілі сабағында алған білімдерін пысықтау. Сондай бір үзілістен көріністер. Өткізген орыс тілі мұғалімі Акмолдаева Гульмира Ешахановна.
"Ата-аналар жиналысы"
10
октябрь
2024
"Ата-аналар жиналысы"
Ағымдағы оқу жылының  10-қазанында 11 сынып білім алушыларының  ата-аналарымен Мектеп директоры Е.Мусанов пен директордың оқу- тәрбие ісі жөніндегі  орынбасары Ж.Шаекенова жиналыс өткізді. Родителям жалпы ЕНТ туралы жалпы  түсіндірме жұмысы жүргізіліп , білім алушылардың сынама тестерінің нәтижесімен таныстырылды. Жиналыс соңында ата-аналарда кері байланыс беріп,өз ойларын ортаға салды.
«Зерде»
10
октябрь
2024
«Зерде»
Ағымдағы жылдың 10  қазан күні  «Зерде» республикалық 2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары конкурсының  мектепішілік кезеңі өткізілді. Конкурстың мақсаты – балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады. Комиссия құрамы конкурсқа қатысушы оқушылар мен жетекшілерге кері байланыс беріп , ұсыныстар берді.