Психологиялық қызметтің мақсаты, міндеттері мен бағыттары. » №22 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(7282) 40-14-54
Версия для
слабовидящих
» » » Психологиялық қызметтің мақсаты, міндеттері мен бағыттары.
05
май
2022

Психологиялық қызметтің мақсаты, міндеттері мен бағыттары.

Психологиялық қызметтің мақсаты:

білім беру ұйымдарында білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік – психологиялық жағдай жасау және білім беру үдерісіне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету.

Психологиялық қызметтің міндеттері:

1)білім алушылардың тұлғалық және зияткерлік дамуына ықпал ету, өзін – өзі тәрбиелеу және өзін – өзі дамыту қабілетін қалыптастыру;

2)білім алушыларға ақпараттық қоғамның жылдам дамуында олардың табысты әлеуметтенуіне психологиялық тұрғыдан жәрдем көрсету;

3)білім алушыларды психологиялық – педагогикалық зерделеу негізінде әрбір білім алушыға жеке тәсілді қамтамасыз ету;

4)психологиялық диагностиканы жүргізу және білім алушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту;

5)психологиялық қиыншылықтар мен білім алушылардың проблемаларын шешу бойынша психологиялық түзету жұмыстарын жүзеге асыру;

6)білім алушылардың психикалық денсаулығын сақтау;

7)психологиялық проблемаларды шешуде және оқу – тәрбие жұмыстарының қолайлы әдістерін таңдауда ата – аналар мен педагогтерге консультациялық көмек көрсету;

Психологиялық қызмет көрсетудің  бағыттары      
 
1.Мектептің білім беру ортасында балалардың оқу, тәрбие және даму үдерістеріне кеңес беру және ақпараттық психологиялық қолдау көрсету;        
 2.Білім алушыларды психологиялық диагностикалау; 
 3.Білім алушылардың жеке даму деңгейін түзету жұмыстарын жүргізу арқылы арттыру;          
 4.Психологиялық бағытындағы   семинар-тренингтер өткізу арқылы   педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыру;    
 5.Білім алушылардың ата-аналарына  оқушының тұлғалық, зияткерлік, эмоционалды-жігерлік, шығармашылық даму үйлесімділігі бойынша психологиялық түзету және дамыту бойынша жүргізілген жұмыстары бойынша ақпарат беріп отыру;