01
март
2022
«ЕНТ кезіндегі өзіне сенімділік» тренинг-жаттығу
«ЕНТ кезіндегі өзіне сенімділік» тренинг-жаттығу
«Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп» КММ-де
2022 жылдың наурыздың 1 күні 11 сынып оқушыларымен «ЕНТ кезіндегі өзіне сенімділік» тренинг-жаттығуы жүргізілді. Тренинг-жаттығудың мақсаты: оқушылардың өздеріне деген сенімдерін нығайтып, өзі туралы ойын дамытып, коммуникациялық іскерлікті жетілдіру, өзін сенімді сезіну үшін тұлғаны психологиялық күйге келтіру
Күтілетін нәтиже:
- Емтиханға дайындық тиімділігін арттырады
- Емтихан кезінде психологиялық тұрғыдан өзін дұрыс ұстауды үйренеді.
- Ойлау жұмысын дамытуға әрекет етеді.
- Шешуші сәтте өзін жұмылдыра білуді үйренеді.
- Өз эмоцияларын басқара алуды үйренеді.