"Бәтима Сақауовамен кездесу" » №22 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(7282) 40-14-54
Версия для
слабовидящих
» » » "Бәтима Сақауовамен кездесу"
07
февраль
2023

"Бәтима Сақауовамен кездесу"

7 ақпан күні 
Жетісудың «Парасат патшайымы» Бәтима Сақауованы еске алу кеші өтті.
Бәтима Сақауова -  Алматы облысының Құрметті азаматы, үш мәрте Құрмет белгісі орденінің иегері, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Құрметті профессоры.
Жетісудың қыз–келіншектері арасынан азамат арқалар ауыр жүкке сыр алдырмаған, облысымыздың бірқатар аудандарында,Талдықорған қаласында, облыста басшылық қызмет атқарған, Алматы облысының  Құрметті азаматы Бәтима Есболатқызы Сақауованың өнегелі өмірі оқырман қауымға  өшпес естелік болып қалды.  
Жетісу облысының Сәкен  Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында өткен еске алу кешіне дербес тұлғаның ұрпақтары, көзін көрген жақындары мен оқырмандар қатысты.
Аталмыш шараға Талдықорған қаласының, Ақсу, Алакөл аудандарының құрметті азаматы Жақиянов Оралбек Нұрсейітұлы, ақын, қоғам қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Әміре Әрін,  №2 орта мектептің мұғалімі Ордағұлова Гаухар Жанбосынқызы, Талдықорған қаласының, Көксу ауданының құрметті азаматы Дина Нұрғалиқызы, Талдықорған қаласының құрметті азаматы Раушан Жәнібекова, Жетісу облысы әкімі аппаратының жауапты қызметкері Тұрсынбай   Ғабит Тұрсынбайұлы қатысты.
Шара барысында «Халқымыздың қалаулы қызы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, бірге үзенгілес болған, зиялы қауым өкілдері  Бәтима Есболатқызы туралы естеліктерімен бөлісіп, өмірі мен  еңбек жолы жайлы бейне-сюжет  көрсетілді. Оқырмандар тарапынан өнегелі тұлғаға арнау өлеңдер оқылып, әндер шырқалды.
«Мағыналы ғұмыр иесінің өз естелігі, замандастарының, кейінгі буынның мазмұнды пікірі мен жылы лебіздері бір арнаға тоғысып,   оқырмандарға  толымды жинақ болып қалуда».Аталған іс-шараға мектебіміздің оқушылары белсене ат  салысты.