16
февраль
2022
"Жарқын болашақ кепілі - Жас маман" атты жас ұстаздар апталығы
"Жарқын болашақ кепілі - Жас маман" атты жас ұстаздар апталығының жоспарына сәйкес биология пәнінің мұғалімі, жас маман Г.Бөкенова 7 сынып оқушылары арасында "Алтын қақпа" интеллектуалды ойынын өткізді. Мақсаты: оқушыларды білім жүйесімен ғана қаруландырып қоймай, олардың назарын, білгендерін, жадында сақтай білу қабілетін, тіл шеберлігін, білімге құштарлығын, іздемпаздығын, шығармашылық қабілеттерін дамыту. 4 кезеңнен тұрған ойын қызықты да тартысты болды. Жас маманға сәттілік!