"Ата-аналар жиналысы"
Мектебімізде, 2023 жылдың 06-ақпанында 11 сынып түлектері,ата-аналар және мұғалімдермен бірлескен «Мектеп, оқушы ,ата-ана- ынтымақтастығын арттыру» тақырыбында мектеп директоры Л.Байсова, директордың оқу- тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Шаекенованың қатысуымен ата-аналар жиналысы өтті.
Мақсаты: Мектептегі оқу- тәрбие жұмысының бала тәрбиесі мен оның жан-жақты дамуына жанұяның, мектептің ынтымақтастығын арттыру.
Осы орайда, мектеп психологы Кангабылова Назым Серікқызы ата-аналар мен оқушылармен «Адам өз өмірінің суретшісі» жаттығуын өткізді. Ата-аналар мен түлектерге «ЕНТ-2023» бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қаңтар-ақпан тестінің нәтижесімен таныстырды. Пән мұғалімдері де әр балаға жке тоқталып кері байланыстар беріліп, ойларын ортаға салды.