"Дарынды балалар - ұлт болашағы" » №22 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(7282) 40-14-54
Версия для
слабовидящих
» » "Дарынды балалар - ұлт болашағы"
23
май
2024

"Дарынды балалар - ұлт болашағы"

23 мамыр 2023-2024 оқу жылының қортындысы негізінде мектебімізде  дарынды балаларды дәріптеу, жігерлендіру, шығармашылығын шыңдау мақсатында дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын  "Дарынды балалар - ұлт болашағы" атты  дарынды балалар фестивалі өткізілді. Аталмыш іс-шара барысында «Жетісу Дарыны» орталығының директорының орынбасары Алишер Даниярұлы,  қалалық әдістемелік орталығының  бөлім басшысы Умиртаева Кульжибек Турысбековна ,  Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» Талдықорған қалалық филиалының төрағасы Айым  Ерікқызы  арнайы қонақ болып,  халықаралық, республикалық облыстық олимпиада мен конкурстардың жүлдегер оқушыларымен кездесіп, оларды жоғары жетістіктерімен марапаттап, жылы лебіздерін білдірді. Сонымен қатар, ағымдағы оқу жылында кәсібилігін дамыту мақсатында түрлі сайыстарға қатысып, жетістікке жеткен ұстаздар да  марапатталып , сый-сияпат көрсетілді. Мектебіміздің қоғамдық жұмыстарына белсене атсалысып, өзін-өзі басқару ұйымдарында өзін оң қырынан көрсете білген белсенді оқушыларды да  назардан тыс қалдырылмай, мектеп директорының арнайы алғыс хаты табысталды.