27
ноябрь
2023
"Lessen study"
Lessen study зерттеу сабағын жүзеге асыру мақсатында, 27.11.2023жылы 9 "А" сыныбында қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Жаксылыкова Назгүл Ермырзановна зерттеу сабағын өткізді. Зерттеу сабағын өткізу үшін "Оқыту платформаларын, электронды интернет ресурстарын тиімді қолдану арқылы білім алушылардың пәнге деген қызығушылықтарын қалай қалыптастыруға болады?" - деген сұрақ басшылыққа алынды. Сабақтың тақырыбы: "Қазақстан Республикасының елордасы". Сабақтың басы "Шаттық шеңбер" әдісі арқылы жақсы тілек айтумен басталып, домтапсырмасы "Wordwall" платформасы арқылы сұралды. Мұғалім сабақ барысында түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, білім алушыларға топтып, жұптық, жеке жұмыстар ұйымдастырылды. Білім алушылардың білімі бағаланды, сабақ мақсатына жетті.