«Сырбаз мінезді Сырбай» » №22 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(7282) 40-14-54
Версия для
слабовидящих
» » «Сырбаз мінезді Сырбай»
11
апрель
2023

«Сырбаз мінезді Сырбай»

11.04.2023 күні Еңбек ауылындағы №22  орта мектебінде Қазақ тілі бірлестігі апталығы аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Т.Сейсембайдың ұйымдастыруымен жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген, қазақ поэзиясының сырлы да сырбаз ақыны Сырбай Мәуленовтің туғанына 100 жыл толуына орай «Сырбаз мінезді Сырбай» атты поэзия сағаты өтті. Мақсаты: қазақ лирикасының классигі Сырбай Мәуленовтің өмірі мен шығармашылығы жайлы баяндау, сыршыл да сымбатты суреткерлік өлең өрнегімен, ақынның соғыс тақырыбындағы толғаныстарымен, табиғат бояуларын өзек еткен жырларымен таныстыру. Ақын өлеңдері арқылы туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке, патриоттыққа, ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

Ақынның соғыс тақырыбындағы толғаныстарын өзек еткен «Соғыстан қайтқан солдаттар» әнін 5 сынып оқушылары Күнболат Арайлым мен Әділбекқызы Айжан орындап, ауыр жылдардың естелігін көз алдымызға елестетті. Сыршыл ақынның өлеңдерін 5 сынып оқушылары жатқа оқыды. Оқушылар Сырбай ақынның адами қасиеттері мен ақындық таланты туралы естеліктерге құрылған  бейнефильмді тамашалады.