«Анамның тілі – аяулы үні» » №22 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(7282) 40-14-54
Версия для
слабовидящих
» » «Анамның тілі – аяулы үні»
10
апрель
2023

«Анамның тілі – аяулы үні»

Бүгін мектебімізде «Еркін елдің ертеңі – кемел білім мен ана тілінде» атты «Сөз сыры» пән апталығының  ашылуына орай салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты жиын өз тілін сүйетін, салтын құрметтейтін, ұлттық дәстүрлерін бағалайтын, шығар биігін саралайтын, тіліне жаны ашитын шәкірттеріміздің  тіл тақырыбындағы өлең-жырларды нақышына келтіре мәнерлеп жатқа оқуымен басталып, М.Шахановтың сөзіне жазылған «Рух  пен тіл», Ш. Смаханұлының  «Анамның тілі – аяулы үні» әнін шырқауымен жалғасын тапты.

Апталықтың мақсаты - жас ұрпақ бойына ұлттық тіліміз бен әдебиетіміздің мол мұрасын кеңінен таныту,  шығармашылық қабілетін, тіл байлығын дамыта отырып, шешендікке  баулу.