Әдеби сазды сынып сағатының тақырыбы: «Мұқағали әлемі» » №22 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(7282) 40-14-54
Версия для
слабовидящих
» » » Әдеби сазды сынып сағатының тақырыбы: «Мұқағали әлемі»
14
февраль
2022

Әдеби сазды сынып сағатының тақырыбы: «Мұқағали әлемі»

Зерттеу нысанындағы 8   «А» сыныпта  тәрбие бағытында Төлеутай Ерсін Алтайүлы      зерттеу сабағын өткізді. Әдеби сазды сынып сағатының тақырыбы: «Мұқағали әлемі»  

Мақсаты: Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, өлең,  поэмаларымен танысу, оқушының жан-жақты ойлануын, ізденуін дамыту, өлеңге деген ынтасын арттыру, адамгершілікке, Отанды сүюге, табиғатты аялауға, оларды ұмытпай есте сақтауға үйрету. М.Мақатаевтың өлеңдері мен әндері арқылы оқушыларды әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелеу. Зерттеу нысанындағы сынып оқушыларының қажеттілігіне байланысты және мұғалімдердің мүмкіндігіне орай зерттеу сынып сағаты  бір рет қайтадан өңделіп, қайта жоспарланып өткізілді. Жоспарлау кезінде зерттеу тобындағы пән мұғалімдері мен бақылаушылардың, ата-ана, оқушы үнін ескере отырып, тәрбие сағаты  жақсы деңгейде өткізілді. Сынып сағатымы үш бөлімнен тұрды:  І бөлім  «Айтылар естеліктер мен туралы»,  ІІ бөлім  «Поэзия жүрек тілі» М.Мақатаевтың өлеңдері мен әндері шырқалады, ІІІ бөлім  «Аққудың қанатына жазылған сыр».  Поэмадан үзінді.   Сынып сағаты бірігіп талқыланып, мұғалімге кері байланыс берілді. Зерттеу сұрағы айқындалды.